Covid-19Коронавирус

Облыс тұрғындарының 70 пайызы екпе алуы тиіс

Ел бойынша өткен тәулікте коронавирус дертінің 2579 жаңа жағдайы тіркелді. Ал, Қарағанды облысында бір күнде 375 індет жұқтырды. Алайда, облыс «жасыл» аймақта тұр. Жалпы, пандемия басталғаннан бүгінге дейін COVID-19 расталған 156 640 жағдай тіркелді.

Қазіргі таңда Қарағанды облысында вакцинацияның бірінші компонентімен қамту 71,2%-ды құрайды, яғни, 726 876 адам егілді. Бұл – халық санының 50,8%-ы. Ал, вакцинациялауға жататын контингенттің 66,5%-ы екінші компонентпен егілді. Яғни, 679 325 адам. Бұл – жалпы халық санының 47,5%-ы.

Былтырғы 22 қарашадан бастап тек 254 468 адам ревакцинация алды. Бұл – ревакциянация алуы тиіс халықтың 53,5%-ы.

Биылғы 25 мамырдан бастап өңірде қайта ревакцинация басталды. Бүгінгі мәлімет бойынша 24 907 адам егілді. Бұл – қамтылуы тиіс тұрғындардың 50,5%-ы.

«Сақтықта қорлық жоқ» деген. Қарағанды облысының санэпидбақылау департаменті «ұжымдық иммунитетке» қол жеткізу үшін облыс тұрғындарының кемінде 70%-ы егілуі тиіс екенін еске салады. Осыған байланысты COVID-19-ға қарсы вакцинация мен ревакцинация алуды ұсынады.

Басқа материалдар

Back to top button