Оғыланымыз оза шапты

«Орталықтың» абыройы тағы бір мәрте асқақтады. Қа­ламының желі бар әріптесіміз, облыстық «Орталық Қазақстан» газеті редакциясы жауапты хатшысының орынбасары Нұрқанат ҚАНАФИН Ас­танада өткен «Самғау» ұлттық байқауында оза шауып, бәйге алды.

Еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ге жуық БАҚ өкілдері қатысқан аламанда Қарағанды облысы бойынша Нұрқанат үздік журналист атанып, Украинаға сапарлауға арналған жолдаманы қанжығалады. Лайықты!

Жауынгер жанрдың дүбірлі додасын өткізуге «Халық маркасы» Қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау жүйесі федерациясы» ұйытқы болды. Мақсаты – отандық өнім өндірушілердің беделін арттыру арқылы төл нарығымызды қалыптастыру және халық арасында отандық өнімді насихаттау үшін БАҚ өкілдерінің күшін біріктіру. Атап айтқанда, қыркүйекте жарияланған байқаудан аймақтар арасында 12 журналист іріктелді. Енді, жеңімпаздар екінші кезеңде – халықаралық байқауда бағын сынамақшы. Озық шыққан журналистерді Мәскеу қаласында наурыз айында өтетін игі шарада марапаттайды. Әріптесімізге сәттілік серік болсын!

Өңір журналистикасына өзіндік үлесін қосып, ауыл шаруашылығы, экономика, спорт, отандық өнім та­қы­рыбында қалам тербеген әріпте­сіміздің әлі де асар асуы алда.

Жүлде құтты болсын!

Нұрдос КӘРІМ

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.