Бас тақырыпБілім

Оқушылар неше күн оқиды?

Қарағанды облысының мектептерінде биыл 6 күндік оқу кестесі енгізілді. Мұндай шешім жоғары сынып оқушыларына өткізілетін сабақтардың көптігіне байланысты қабылданған. Өткен оқу жылында оқушылар мектептен кешкі сағат 21:00-де қайтқан кездері болыпты. Биылғы оқу жылында ата-аналар тарапынан шағым көп түскен соң 5 күндік оқу кестесін 6 күнге бөлуге рұқсат берілген.

Қарағанды облысының білім басқармасы өңір мектептерінде 6 күндік оқу кестесінің енгізілу себебін түсіндірді.

– Қолданыстағы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес бірінші және екінші ауысымдағы сабақтар арасындағы үзілістердің ең аз уақыт лимиті бекітілді. Кестеге байланысты сабақты 08:00-де бастайтын мектептерде бірінші ауысымдағы сабақтар сағат 14.05-те (7 сабақ) аяқталатын. Екінші ауысым сағат 14:45-те басталатын сабақтар кешкі сағат 20:50-де (7 сабақ) аяқталды. Өткен жылы екінші ауысымда білім алатын оқушылардың ата- аналар қауымы сабақтардың тым кеш, қыс кезінде, тіпті, қараңғыда аяқталатынына наразылық білдірді. Осы себепті 7, 8, 9, 10 және 11 сынып оқушыларының сабақтарын 6 күнге бөлу туралы шешім қабылданды. Осылайша күн сайын өтетін сабақтар саны 6-ға дейін қысқарады, ал сенбі күндері тек 4 сабақ болады, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, мұндай шешімнің 7 сыныптан төмен сыныптарға қатысы жоқ. Өйткені, олардың жүктемесі 30 сағаттан аспайды. Сондай-ақ, 5 күндік оқу ережесі бір ауысымда білім алатын мектептерде де қалдырылды.

Гүлнұр Серікжанқызы,
«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button