Жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР – ҚАМҚОРЛЫҚ АЯСЫНДА

  Балқаш қаласындағы М. Русаков атындағы №2 мектеп-интернатында панасыз қалған балалар тәрбиеленіп, мектеп бітіріп, үлкен өмір жолына аттанып жатады. Мұндағы оқушылар жаз айында Шұбартүбектегі арнайы ашылған сауықтыру, демалу лагерінде денсаулығын нығайта алады.

Қала әкімі А.Аглиулин мектеп-интернатқа арнайы келіп, ұжыммен кездесіп, ұсыныс-пікірін тыңдады. Мәселен, мектеп ғимаратына көптен бері жөндеу жүргізілмеген. Заман талабына сай ағымдағы, қажет болса күрделі жөндеу жүргізіп, есік-терезесін айырбастап, жаңарту керек секілді. Оқушылар жаттығатын спорт залы күңгірт, жарығы әлсіз. Мұнда да өткір жарық шамдарын қойып, жаттығатын оқушылар еңсесін көтеруге мүмкіндік жасаса оңды болар еді.

Қала басшысы мектеп ауласын қоршауға, тренажер залын салуға деген ынта-ықыластың бар екенін айтып өтті.

Сәтін салса, қамқорлық аясындағы балалардың мүмкіндігінше білім алып, егемен еліміздің еңселі азамат болып қалыптасуына қажетті жағдай жасала береді. Жиналғандардың нақты пікірі осыған сайды.

Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ

Балқаш қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button