Қарағанды

Оқушы таңдауы – қауіпсіз ғаламтор

   «Қауіпсіз интернет» республикалық шарасы қаламыздағы №18 жалпы білім беретін орта мектепте жалғасын тапты. Кәмелетке толмағандардың, педагогтар мен ата-аналардың назарына ғаламтор әсерінен туындайтын проблемалар жөнінде айтылды. Оған қоса ғаламтор ресурстарын қолдану мәдениетін, кәмелетке толмағандардың ғаламторға кіру белсенділігін бақылауға қатысты жүргізілген жұмыстар сөз болды. Интернетте бақылау жүргізуде ересек қолданушылардың жауапкершілігін жоғарылату көзделді. Іс-шараларды іске асыру нәтижесінде, ата-аналар мен балалардың, педагогтардың интернет сауаттылығын көтеру, сонымен қатар шараға қатысушылардың интернет жүйесіндегі әңгімелесу барысында сақталатын қағидалар бойынша жұмыстар жүрді.

«Желідегі қарым-қатынас этикасы» тақырыбында 1-11 сыныптар арасында сынып сағаты өтті. «Интернет орнына кітап» тақырыбында мектеп кітапханашысы Қ.Месова акция ұйымдастырып, мектеп тәлімгері Г.Шыңғылтаева «Қауіпсіз интернет» тақырыбында 5-8 сыныптар аралығында флешмоб өткізді. Баланың денсаулығына зиян келтіретін әлеуметтік желілердің теріс ықпалынан қорғау мәселелері бойынша мектеп инспекторы Ж.Айтбеков дәріс оқыды.

Ербол ЖҰМАТАЕВ,

18 жалпы білім беретін орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button