Жаңалықтар

Оқу шахтасы – туристерге арналған тың жоба

   Қарағандыға келген туристер үшін болашақта үр жобаның тұсауы кесілмек. Атап айтқанда, қара алтынға қойнауы толған кеншілер мекенінде туристер енді шахтаға түсуге мүмкіндік алмақ.

Бұл туралы облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековтің тау-кен-индустриалдық колледжіне жұмыс сапары барысында белгілі болды. Оқу орнының директоры Генадий Иванченконың айтуынша жер астында орналасқан оқу шахтасынан толыққанды мұражай жасауға болады. Әсіресе, бұл жоба «ЭКСПО-2017» көрмесінің қарсаңында аса өзекті.

Шахта 1979 жылы тау-кен мамандығындағы студенттердің тәжірибелік дағдыларын жетілдіру үшін тұрғызылған. Колледж басшылығы шахтаны сақтап қана қоймай, сонымен қатар, бүгінгі таңда кәсіпорындар көмір өндіру үшін пайдаланып отырған жабдыққа ұқсас етіп жарақтандырған. Әкімге тау-қазба жүргізу комбайнын, орталық аралық станцияны, сутөкпені, 1ПМВ тиегіш машинаны, лаваны көрсетті.

Идея авторларының ойы бойынша мұражайға келушілер шамдар арқылы өтіп, жетондар алады және арнайы форманы киюлері керек. Келушілерге «тормозок», кәдесый ретінде көмір кесегін және шахтаға келгені туралы сертификат беру жоспарлануда. Туристер үшін шынайы шахта жағдайында жер астына түсуге ұқсас көтерме салу ұсынылуда (оқу шахтасының тереңдігі 7 метрді құрайды).

Шахтаны жабдықтаумен қатар колледж басшылығы өңірдің көрнекті кеншілері, еңбек рекордтары, Қарағанды көмір бассейнінің тарихын көрсету ұсынылуда. Мамандығы тау-кен инженері болып табылатын облыс әкімі аталмыш ойға жақсы баға берді. Оның үстіне, мұражай ашу үшін қажеттінің барлығы 70% дайын деп есептейді өңір басшысы. Шамамен жобаны жүзеге асыру үшін шамамен 40 миллионға жуық теңге қажет.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button