Жаңалықтар

Қоғамдық келісім – рухани күш

      Сәрсенбі күні Достық үйінде Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, облыстық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Нұрлан ДУЛАТБЕКОВТІҢ төрағалығымен кеңес отырысы өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясының міндеттері және «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын жүзеге асыру туралы сөз болды.

     Жиында қоғамдық келісім кеңестерінің негізгі міндеті – мемлекеттің тұрақтылығын нығайтып, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті дамытуға бағытталғаны айтылды. Осы ретте кеңестер өзекті мәселелер төңірегінде, өткен жылдың қорытындысы бойынша 1176 іс-шара өткізді. Оның ішінде 306 отырыс, 200 дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 238 шара – мемлекеттік қызметшілердің есептерін тыңдауға арналса, 432-сі – өзге жиындарға бағытталды.

Нұрлан ДУЛАТБЕКОВ, Қазақстан халқы Ассамблеясы Қарағанды облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы:

Облыстағы қоғамдық келісім кеңесі жұмыстарының мақсаты – Елбасы саясаты негізінде барлық саяси маңызы бар және қоғамдық күштерді үйлестіріп, біріктіру. Бұл бағыттағы қызметте этно-мәдени бірлестіктер үлкен роль атқарады. Кеңестің міндеті – азаматтық ұстаным негізінде қазақстандық бірегейлікті нығайту және дамыту. Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту, азаматтық қоғам институттарын саяси және үкіметтік емес ұйымдарды, басқа да бірлестіктерді үйлестіру. Осы мақсатта облыста 173 қоғамдық келісім кеңесі (1 облыстық, 8 қалалық, 9 аудандық, 155 ауылдық) құрылды. Кеңестердің құрамына 1078 адам кіреді. Кеңес мүшелерінің ұйымдасуымен бірқатар ірі республикалық іс-шаралар өтті. Бұл ретте «Мәңгілік Ел» жалпыреспубликалық пойызы (Қарағанды және Балқаш қалалары, сондай-ақ Шет ауданының Ақадыр кенті) және ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған «Тәуелсіз Қазақстан» (Қарағанды, Жезқазған) пойызын атап өткен жөн.

    Дөңгелек үстел барысында Қа­зақ­стан халқы Ассамблеясының медиация кеңесі төрағасының орын­басары, “Диалог” дауларды шешу орталығының директоры Татьяна Савицкая сөз алып, кеңестің жұмысына кеңінен тоқталды. Сондай-ақ, Жезқазған қалалық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, қалалық мәслихат депутаты Бекзат Алтынбеков, Балқаш қаласының қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Серік Пшенбаев, Абай ауданының қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Наталья Филипенко сөз алып, аймақтардағы кеңес жұмыстары атқарған шараларды атап өтті.

    Қатысушылар жиын соңын төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен адамдарға көмек ретінде Шахтинск қаласының Шахан кентінде ашылған жекеменшік қайырымдылық қорына қолдау көрсету ұсынысымен қорытындылады. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, қоғамдық келісім кеңестерінің басшылары, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсететін болды.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button