АймақЖаңалықтарСаран

Қоғамдық көлікте – сарандық автобус

Қарағанды қаласының қоғамдық көліктерінің қатары отандық жаңа автобустармен толыға бастады. Атап айтқанда, «Таксокомбинат» ЖШС-і Саран қаласында құрастырылған 4 жаңа автобусты №30,01 бағытта жолаушы тасымалына шығарды. Алдағы уақытта автопарк тағы да 20 автобус сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі хабарлады.

Автопарк иелерінің айтуынша, сәуірдің соңына дейін мұндай көліктің 16-сы жолға шығады. Сөйтіп, автопарк 40 автобуспен жаңармақшы.

Қарағанды қаласында жолаушылардың қоғамдық көлігін отандық автобустармен жаңарту көзделуде. Саран қаласында ашылған зауыт өзге де серіктес қалаларды автобуспен қамтуға мүдделі. Оның жобалық қуаты жылына – 1200 автобус.

Қызғалдақ АЙТЖАН

Басқа материалдар

Back to top button