Қарқаралы

Оңалту орталығы ашылды

    Салауатты өмір салтын насихаттап, адам денсаулығына жіті көңіл бөлу, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді жағдай жасай отырып, қоғамдық ортаға бейімдеу – бүгінгі таңдағы өзекті мәселенің бірі. Осы орайда, мүмкіндігі шектеулі жандардың ем алуына және демалуына қолайлы жағдай туғызатын орындардың бірі Қарқаралы қаласында ашылды.

Аталмыш нысан – мүгедектерді оңалту орталығының ашылуына облыс әкімінің орынбасары Жандос Әбішев және аудан әкімі Халел Мақсұтов, Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы М.Галиуллин, «ENRC Көмек» Еуразиялық тобы Корпоративтік қорының өкілі Б.Жакенов, Мүгедектерді оңалту орталығының «Лайықты өмір» қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Ивкин, еңбек ардагері Д.Аққошқаров, «RICH&S» мердігер кәсіпорынның директоры Ж.Жангиров және ардагерлер, мекеме, кәсіпорын ұжымдары қатысты.

Аталмыш орталықтың маңыздылығына тоқталып өткен облыс әкімінің орынбасары, бұл шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбевтың жүргізіп отырған сындарлы саясатының нәтижесінде, еліміздің экономикасы дамуының нәтижесінде мүмкін болып отырғандығын жеткізді. Мекеменің ашылуына жан-жақты қолдау, көмек көрсеткен азаматтарға алғысын білдірді. Сонымен қатар, «ENRC Көмек» Еуразиялық тобы Корпоративтік қорының өкілі Б.Жакенов, Мүгедектерді оңалту орталығы «Лайықты өмір» қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Ивкин аталмыш орталықтың мүмкіндігі шектеулі жандарға лайықты қызмет көрсететіндігіне сенім білдірді.

Көп жылдар аудан халқына медициналық қызмет көрсеткен, кезінде талай жанға өмір сыйлаған, қаншама науқас дертіне шипа тапқан аурухана кешенінің ғимараты күрделі жөндеуден өтіп, бүгінде Мүгедектерді оңалту орталығы болып қайта ашылды.

Бір маусымда 64 адамды қабылдай алатын нысан ғимаратына «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында және демеушілік көмек арқылы жөндеу жұмыстары жасалды. Нақтырақ айтқанда, жоба құны 702,9 млн. теңгені құраса, оның 447,9 млн. теңгесі республикалық бюджеттен, 255 млн. теңге демеуші «ENRC Комек» ЖШС-нен бөлінген.

18 жастан асқан, бірінші және екінші топтағы мүгедектерді қабылдайтын орталықтың жылына 500 адамға дейін қабылдау мүмкіндігі бар. Ем алушыларға барлық жағдай жасалған, орталық жаңа заманауи құралдармен жабдықталған. Физиотерапия, терапия, неврология, ортопедо-травматологиялық, механотерапия, әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау, компьютер кабинеттері, емдік дене шынықтыру, жаттығу залы, шеберхана, жуынатын бөлме, сауна, саз балшық бөлмесі, массаж және шаштараз бөлмелері бар. Ем алушыларға әлеуметтік бағытта тұрмыстық, медициналық, психологиялық, педагогикалық, экономикалық, құқықтық, мәдени қызметтер де көрсетеді.

Сағыныш ӘБІЛОВА

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button