«Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы»Білім

НЗМ виртуалды мектебіне құжаттар қабылдау басталды

Виртуалды мектепте НЗМ-нің жетінші сыныптарында оқуға конкурстық іріктеуге дайындалуға көмектеседі. Оқуға 5-6 сынып оқушылары шақырылады. Құжаттарды қабылдау 9 қазанда басталып, 18 желтоқсанға дейін жалғасады.

 

Тілек білдірушілер vs.nis.edu.kz сайтында тіркеле алады.

Виртуалды мектепте оқыту бағдарламасы математика, тілдер – қазақ, орыс және ағылшын, жаратылыстану пәндері бойынша сабақтарды қамтиды. Тыңдаушылар алдағы уақытта “Өркен” білім беру гранты бойынша НЗМ-ге түсу үшін өз білімдерін жетілдіре алады.

Виртуалды мектепте оқу тегін. Аяқтағаннан кейін түлектер өткен материалды бекітуге арналған тест тапсырмаларын орындайды және онлайн форматта қорытынды тестілеуден өтеді.

Қорытынды тестілеуде ең жоғары балдың 50 және одан да көп пайызын жинағандар сабақтары күндізгі форматта өтетін демалыс мектебіне шақыру алады.

Толығырақ виртуалды және демалыс мектептеріндегі оқыту туралы ақпарат vs.nis.edu.kz сайтында.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button