Бас тақырыпРуханият

Аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

25 сәуір сағат 11:00-де  Қарағанды мемлекеттік университеті тарих факультеті, «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығының және Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернаттың ұйымдастыруымен  «НЫҒМЕТ НҰРМАҚОВ – ТАРИХИ ТҰЛҒА» атты  аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция онлайн форматта өтеді.

Конференцияның мақсаты – аса ірі мемлекет және қоғам қайраткері, өз заманының құқық саласындағы жаңашыл, ізденімпаз реформаторы, өзінің игі қызметін ел бостандығын, егемендігін жақындатушы, дарынды публицист және журналист, қазақ өнері мен мәдениетінің қамқоршысы Н.Нұрмақовтың өмірі мен қызметінің ғибратын насихаттау.

Конференцияға Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов, облыс әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Бекзат Алтынбеков, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Құсайын және Қарағанды облысы “Рухани жаңғыру” жобалық кеңсесінің басшысы Айтбай Жұмағұлов қатысады деп күтілуде.

Сонымен қатар, шараға Қарағанды мемлекеттік университетінің ғалымдары, магистранттары және студенттері, Қарағанды қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинет басшысы Бахытгүл Абдикерова, Балқаш қаласы Әлихан Бөкейхан атындағы мектеп-гимназия директоры Қарлығаш Дүбірбекова, Мағжан Жұмабаев атындағы №39 гимназия директоры Абылай Жәлелов, Әлихан Бөкейханов атындағы №76 мектеп директоры Мартбек Күзембаев, Нығмет Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының ұстаздары мен жоғарғы сынып оқушылары қатысады.  

Конференция төмендегі ғылыми бағыттарды қамтиды:

– Нығмет Нұрмақов – ірі мемлекет және қоғам қайраткері;

– Алаш зиялылары және Нығмет Нұрмақов;

– Нығмет Нұрмақов және Тәуелсіз Қазақстан;

Модераторы – «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрсахан Бейсенбекова.

Конференция барысы:

Кіріспе сөз: Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы Есенғазы Иманғалиев.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің құттықтауы.

  • «Нығмет Нұрмақовқа арнау» (Мектептің 8 сынып оқушысы Аяулым Байжаханова) 
  • «Тарихи Тұлға және Тәуелсіз Қазақстан» (Нұрсахан Бейсенбекова)
  • «Нығмет Нұрмақов – Қазақстан халық комиссарлар кеңесінің төрағасы» (Қарағанды политехникалық университетінің аға оқытушысы, т.ғ.к Сәуле Қасымова)
  • «Нығмет Нұрмақовтың сыртқы саясатқа байланысты жазған тағылымды түйіндері» (Еуразия – гуманитарлық институты және Астана халықаралық университетінің доценті, т.ғ.к. Қанат Өскембаев)
  • «Тәуелсіздік бастауында тұрғандар» (Теміртау қалалық білім бөлімі басшысы Есентай Әшім)
  • Нығмет Нұрмақов және Алаш арыстары (Облыстық «Ortalyq Qazaqstan» газетінің тілшісі, ақын Жәлел Шалқар)
  • «Нығмет Нұрмақов мектебі: кеше, бүгін, болашақта» (Мектеп директоры Сейфулмалик Сұлтанов)
  • «Алаш арыстарының ұстанымы» (Ахмет Байтұрсынов атындағы №41 мектеп-гимназия директоры Жадыра Баймолдина).

Басқа материалдар

Back to top button