Руханият

Өнертанушымен өрелі кездесу

Н.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында күйші, өнертану ғылымдарының кандидаты Базаралы Мүптекеевтің шығармашылығына арналған «Күй ғұмыр» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Сурет ұйымдастырушылардан

Өнерпаздар қазақтың күй өнерінің дамуына үлес қосқан күйшінің ел руханиятына сіңірген еңбегі мен шығармашылығымен қоса, домбыраны насихаттады.

Шарада дәстүрлі әнші, IX Қасым оқуларының бас жүлдегері Саян Бөдесов, Қазақ ұлттық өнер университеті колледжінің ІІІ курс студенті Ислан Таңатов және №30 жалпы білім беретін мектептің «Сарыарқа» домбыра үйірмесінің жетекшісі Рая Мейірман, домбырашылар ансамблі өнер көрсетті.

Кешке қатысушылар Б.Мүптекеевтің шығармашылығына арналған «Күй ғұмыр» атты кітап көрмесіне шолу жасады. «АБАЙ» телестудиясы түсірген «Ұмытпаймыз» бағдарламасына қатысқан, қобызшы Саян Ақмолданың күйші туралы естеліктерінен бейнебаян көрсетілді.

Айта кеткен жөн, Базаралы Мүптекеев күйші, этномузыкатанушы, өнертану ғылымдарының кандидаты. Юнеско ұйымының Қазақстан бойынша «Материалдық емес мәдени мұраны қорғау» комитетінің мүшесі, халықаралық деңгейде сараптаушы, сондай-ақ, қазақ руханияты мен мәдениеті жолында тер төккен шертпе күйдің шебері.

Аяулым СОВЕТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button