Білім

Өнерлі өрге жүзді 

С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің 1-курс студенттері арасында «STU Talents-2022» байқауы өтті. Әр факультеттен қатысқан сайыскерлер өз мамандықтарының қыр-сырын ашып, шығармашылық талантын танытты.

Аталған сайыста қатысушылар «Үздік вокалдық өнер», «Үздік би өнері», «Үздік аспаптық өнер», «Үздік вокалды-аспаптық өнер», «Үздік ерекше жанр», «Үздік флешмоб» номинациялары бойынша өнерлерін ортаға салды.

Қазылар алқасының шешімімен студенттердің жүзден жүйрігі, мыңнан тұлпары анықталып, жүлделі орындар берілді.

Бас жүлдені университеттің «Инновациялық технологиялар» факультеті қанжығасына байлады. І орынды «Сәулет-құрылыс» факультеті иеленді. «Тау-кен» факультеті командасына ІІ орын берілді. Ал, ІІІ орын «Жол-көлік» факультетіне бұйырды.

Өз тілшімізден.

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button