Жаңалықтар

Өнер өркендеген елдің рухы биік

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Құрметті мәдениет және өнер қызметкерлері мен ардагерлері!

Сіздерді Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл мереке – өзінің дарынымен және мамандыққа адалдығымен халқымыздың рухани мұрасын сақтап, насихаттауға атсалысып жүрген азаматтарға деген терең құрметтің белгісі. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында халқымыздың дәстүрлері сақталып, өнер дамиды, бірегей мәдени жобалар жасалады.

Сіздер өз шығармашылықтары­ңызбен көрермендеріңізге ұмытыл­мас жарқын сәттерді сыйлап, ұлт­тық өнеріміздің көмескіленбей, ұрпақтан-ұрпаққа жете беруіне ықпал етесіздер. Сіздердің шеберліктеріңіз бен қажыр-қайраттарыңыз, өз іс­теріңізге деген сүйіспеншіліктеріңіз ең жоғары құрметке лайық. Осы орай­да өз өмірін мәдениет саласын дамытуға, жас таланттарды тәрбиелеуге және ұлттық құндылықтарды сақтауға арнаған сала ардагерлеріне ерекше алғысымызды білдіреміз. Сіздердің баға жетпес тәжірибелеріңіз бен еңбектеріңіз мәдениет пен өнерді одан әрі дамытудың берік негізі болып табылады.
Мерекеге орай сіздерге зор денсаулық, шабыт пен сарқылмас қуат, шығармашылық табыс тілейміз!
Мереке құтты болсын!

Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,
Қарағанды облысының әкімі
Нұркен КОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы

Басқа материалдар

Back to top button