Назарда – жұмыссыздар мүддесі

   Сәтбаев қаласында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйытқы болуымен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді.

Ұйымдастырушылар тарапынан алдын ала мақсатты негізде жүргізілген шаралардың нәтижесінде, «екі қолға – бір күрек» іздеген жандарға 99 бос жұмыс орындары ұсынылды. Сұраныстар, тиісінше, қала аумағындағы 20 мекеме-ұйымнан келіп түсті. Олардың қатарында біліктілік талаптары алуан түрлі мамандықтар мен кәсіптердің болғаны, әрине, заңды құбылыс. Жәрмеңке барысында пән мұғалімдері, логопед, психолог, инженер-электрик, аудармашы, тігінші-оператор, дәнекерлеуші, дәрігер, есепші, слесарь, аула сыпырушы, құрылыс саласы және қоғамдық тамақтандыру орындары мамандарына сұраныстың өткір екендігі айғақталды.

Ілкімді іс-шара нәтижесінде жұмыс іздегендердің барлығы дерлік еңбекпен қамтылмаса да, күнделікті нәпақасын табу мүмкіндігін иеленген адамдар да бой көрсетті.

Жәрмеңкеде сонымен қатар, жұртшылыққа «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына орналасу ережесінің талаптары түсіндірілді.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ

СӘТБАЕВ қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.