АбайАймақ

Наурыз тойы Топарда да тойланды

Топар кентінің тұрғындары да Ұлыстың Ұлы күнін тойлады.

Суреттерді түсірген: автор.

Бұл күні кенттің Мәдениет үйінің алдындағы алаңға 3 киіз үй тігіліп,жергілікті кәсіпкерлер сауда сөрелерін жайып тастап,мерекеге келген жұрт Наурыз көжеден,ыстық палау мен бауырсақтан дәм татысып жатты.

Жиналған жұртшылықты Абай ауданының әкімі Сәбит Оспанов, осындағы Жұмабек Тәшенов атындағы мешіттің бас имамы Мұрсали қажы,ауыл ақсақалдары мерекемен құттықтап,ән-күйге, ұлттық ойындар мен салт-дәстүр көріністеріне кезек берілді.

Наурыз тойына қатысқан үлкен-кіші арқан тартысу, жамбы атудан сайысқа түсіп, шаш өру, шашпау тағудан өзара бәсекелесті.Жарыс жеңімпаздарына ақшалай сыйлықтар мен дипломдар тапсырылды.

Концерттік бағдарламада топарлық және абайлық өнерпаздар өнер көрсетті. Олар халық әндері мен қазақ сазгерлерінің шығармаларын орындап,көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Ержан ИМАШ,

Абай ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button