Жаңалықтар
«Намыс» төсбелгісімен марапатталды
Жуырда Алматы қаласында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Алматы қаласының мың жылдығына орай «Тәуелсіз елдің ардақтылары» атты еркін пікірдегі дөңгелек үстел өтті. Аталмыш жиында жерлесіміз, Қарағанды гуманитарлық колледжінің директоры, композитор Есжан ӘМІРОВ Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» төсбелгісімен марапатталды.
Ел бірлігін нығайтуға қосқан ерен еңбегі үшін беріліп жатқан төсбелгіні Парламент мәжілісінің депутаты Бақытжан Смағұл тапсырды. Батыр атындағы төсбелгімен, сондай-ақ, есімі дүниені дүр сілкіндірген кәсіпқой боксшы Қанат Ислам, жүзу бойынша алғашқы қазақстандық Олимпиада чемпионы Димитрий Баландин марапатталған.
«Намыс» иегерлеріне табыс тілейміз!