Руханият

Ән-жырым саған, Қарағанды!

Кеншілер шаһарына 90 жыл толуына орай Н.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында арт-кездесу өтті.

Сурет ұйымдастырушылардікі

Кітапханада өткен кеште жас ұрпақты мәдениет пен өнерге баулу, ұлттық құндылықтарды ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу мақсаты көзделді.

Кеш қонақтары Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Қарағанды қаласының, Ақтоғай және Қарқаралы аудандарының Құрметті азаматы Серік Ақсұңқарұлы, сондай-ақ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі Есжан Әміров өзінің шығармашылық жолына тоқталды. Қарағандыға арнап жарық көрген әндерімен бірге сазы да, назы да жүректі бірден жаулап алар туындыларынан үзінді тыңдатып, «Қарағанды вальсі» әнінің шығу тарихын баяндады.

«Жыр-жауһар» шығармашылық орталығының мүшесі Камшат Хасен қаламыз жайлы жазған «Қарағанды – сағыныштың қаласы», «Бейбітшілік гүлзарында» атты жауһар жырларымен бөлісті.

Шара барысында «Қарақат» мектеп студиясының «Самұрық» ансамблі «Ер Тұран» күйін орындаса, «Қыздар-ай» тобы «Ақ жайнақ» әнімен шашу шашты. Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің музыкалық білім беру бөлімінің студенттері «Қарағанды вальсі» әнін нақышына келтіре орындап, көрерменнің көзайымына айналды.

Кітапханамыздың серіктестерінің бірі Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің «Кітапхана ісі» бөлімінің ІІ курс студенті Науан Мақашев «Туған жер – тұғырың» атты әдеби-танымдық викторина ойнатты.

Белсенділік танытқан оқырмандарға Халықаралық кітап сыйлау күніне орай кітаптар мен сыйлықтар табысталды.

Аяулым СОВЕТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button