Бас тақырыпЖезқазған

«Нұр-Сұлтан – Қызылорда»: вагон қосуға болмай ма?

Байқоңыр мен Қоскөл ауылы тұрғындарын қатты қуантқан «Жезқазған – Қызылорда» жолаушылар пойызының бағыты Жезқазғаннан ел астанасына дейін созылғанда «Тәубе!» деп, тақияны аспанға атқан едік.

Алайда, вагон саны аз. Толып келетін жалғыз жалпы вагонға баса-көктеп мініп, жолсерікпен есеп айырысамыз. Кейде таза симай қалатын болдық. Жаңа жыл қарсаңында жастар теміржолдың үстіне тұрып алып, пойызды жүргізбеген соң, Жезқазған вокзалының басшылығы араласып, вагондарға бөліп мінгізгені бар. Тиісті шара қолданбаса, түбі бір оқыс оқиға болуы әбден мүмкін.

Қазір жазғы уақыт, жалғыз жалпы вагонның тамбурына дейін иін тірескен жолаушы. Осы бағыттағы пойызға 1, 2 жалпы вагон қосса болмай ма? Бұған «Қазақстан теміржолы» компаниясы басшылығы не дейді екен?

Қоскөл ауылының тұрғындары.

ҰЛЫТАУ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button