Бас тақырып

Ән падишасы – Арқада

КСРО Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, Социалистік Еңбек Ері, қазақ ән өнерінің аңызына айналған Бибігүл Төлегенова биыл 95 жаста. Қазақ бұлбұлының мерейтойлық шаралары өңірлер арасында Қарағандыдан бастау алды. Бұл – Қарағанды үшін зор мәртебе. Кеншілер мәдениет сарайына аңыз адамның жүзін көріп, дауысын естуге асыққан жұрт залды лық толтырды. Тіпті, орын таппағандар тік тұрып тамашалады, сатыға да отыра кетті.

Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Бибігүл Төлегенова облыс әкімімен бірге залға кіріп келгенде, халық орнынан тік тұрып қошемет көрсетті. Кеңес Одағын ғана емес, жаһан жұртын талантымен мойындатқан бұлбұлын Арқаның өнерсүйер халқы осылай қарсы алды.

Концертте ән өнерінің алтын сақалары сахнаға шықты. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, опералық әннің Шолпан жұлдызы Толқын Забирова да арнайы келіп, Арқа жұртының алдында Бибігүл Төлегенова әуелеткен әйгілі «Гауһартасты», Латиф Хамидидің «Бұлбұлын» Тәттімбет атындағы халық аспаптары академиялық оркестрінің сүйемелдеуімен шырқады. Толқын Забирова сахнада Бибігүл Төлегенованы мерейтойымен құттықтап, «ән өнеріндегі ұстазым, анам» деді.

Бибігүл Төлегенова облыс әкімімен бірге залға кіріп келгенде, халық орнынан тік тұрып қошемет көрсетті. Кеңес Одағын ғана емес, жаһан жұртын талантымен мойындатқан бұлбұлын Арқаның өнер сүйер халқы осылай қарсы алды.

Концертте ән өнерінің алтын сақалары сахнаға шықты. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, опералық әннің Шолпан жұлдызы Толқын Забирова да арнайы келіп, Арқа жұртының алдында Бибігүл Төлегенова әуелеткен әйгілі «Гауһартасты», Латиф Хамидидің «Бұлбұлын» Тәттімбет атындағы халық аспаптары академиялық оркестрінің сүйемелдеуімен шырқады. Толқын Забирова сахнада Бибігүл Төлегенованы мерейтойымен құттықтап, «ән өнеріндегі ұстазым, анам» деді. Мұқағали Мақатаевтың Бибігүл Төлегеноваға арнаған өлеңін де оқып берді. «Қарлығаш көмей құрбым-ау, Бір бұрау емес, мың бұрау. Қай күні, қандай Анадан, Бағына елдің тудың-ау?!», – деп басталады мұзбалақ Мұқағалидің жүрек сөзі. Расында, Толқын Забирова – Бибігүл Төлегенованың ізін басқан дарынды шәкірттерінің бірі де бірегейі. Ол – қазақ эстрадасына опералық музыканы әкелген тұңғыш өнерпаз.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Талғат Ыдырысов бастаған жергілікті өнерпаздар да ән жұлдызының алдында ән шыр­қады. Талғат Ыдырысов Ескендір Хасанғалиевтің «Анаға сәлем» әнін орындады. Бұл ән де қырдағы, ойдағы қазақтың кеудесіндегі анаға деген сағынышты әлдилеген ғажайып туынды. Арқаның мақтанышы, талантымен жарқырап келе жатқан Рысты Рақымжан да Бибігүл Төлегенованың алдында Евгений Брусиловскийдің «Қос қарлығаш» әнін оркестр сүйемелдеуімен асқақтатты. Нұрғиса Тілендиевтің «Кел, еркем, Алатауыма!» деген классикалық туындысы да Рысты Рақымжанның дауысымен әуеледі.

Бұл кеште қазақтың кілең клас­сикалық әндері орындалды. Ака­демиялық бағытта ән шырқап жүр­ген таланттар сахнаға шығып, Бибігүл Төлегенованың батасын алғандай.

Концерттің соңында Бибігүл Төлегенова сахнаға көтерілді. Об­лыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев өзі де, шырқаған әні де аңыз бол­ған әншіге құндыз жағалы камзол кигізіп, ықылас гүлін тарту етті.

– Киелі Сарыарқа жеріне қош келдіңіз! Сіздің шығарма­шылығыңыз Қарағанды өңірімен тығыз байланысты. 2007 жылы Сіздің жұлдызыңызбен Қарағанды қаласында алғаш рет «Жұлдыздар аллеясы» ашылып, үлкен шығармашылық кешіңіз өтті. Сол жылы «Қарағанды – балалық шағымның куәсі» атты ретро фестивалінің тұсауын да Сіз кескен болатынсыз. 2016 жылы қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы Тоқтар Әубәкіровтің 70 жылдық мерейтойына орай Ас­тана, Қарағанды қалаларында және Қарқаралы ауданында жерлесіміздің мерейін асқақтатып кон­церт өткіздіңіз. 1988 жылы «Тәттімбет» атындағы қазақ ұлттық оркестрінің тұсауын кестіңіз. 2015 жылы 85 жылдық мерейтойыңыздың аясында оркестрмен Түркия елінде гастрольдік сапармен болдыңыздар. Сол оркестр бүгінде әлемдік сахналарда өнер көрсетіп жүр.
Сізді 95 жылдық мерейтойы­ңызбен шын жүректен құттықтаймын! Сіз байтақ даламызды бұл­бұл үніңізбен тербеп, ғасырға жуық уақыт бойы сахнада өнер көрсетіп келе жатқан дара тұлғасыз. Мерейтойыңыз туған жеріңіз Семей қаласында бастау алып, Астана, Алматы қалаларында өтіп, бүгінгі кеште Қарағанды қаласында жалғасын тауып жатқаны біз үшін зор мәртебе! – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Бибігүл Төлегенова да Қара­ғандының халқына алғысын айтты.

– 95 жасқа келгенде Қазақс­танды шарлау оңай емес екен. Бірақ, мен сахнаның адамымын. Сахна – өмірімнің мәні. Дәл қазір осы сахнада жаным жадырап отыр. Қарағандыны ерекше жақсы көремін! Мұнда шахтаға да түскенмін, қойшылардың арасына да барып ән шырқағанмын. Арқадағы сіңілім Рымбала Омарбекова екеуміз біраз жерді шарладық. Баршаңызға алғыс! – деді Бибігүл Төлегенова.

Бибігүл Төлегенова Александр Зацепиннің «Песня о весне» әнін шырқады. «Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейтіні» рас екен. Бұлбұл үнінде бұлжымас әуез, бұлтармас ырғақ мәңгіге сақталыпты. Халық демін ішке тартып тыңдады. Бұл – залға лық толған өрелі тыңдарман күткен сәт еді. Өнерін сүйген халқына Жаратқаннан түскен өнердің жарық сәулесін арнаған дарын иесі бейне бір оралмас көктемдерін сағынғандай.

95 жасқа келіп, ел аралау оңай емес. Бибігүл Төлегеноваға күш-қуат берген еліне һәм өнерге деген адал махаббаты шығар?!

Ерік НАРЫН,
«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button