Спорт

Мықтыларды мойындатты

Орал қаласында парадзюдодан жастар арасында Қазақстан Рес­публикасының біріншілігі өтті. Додада Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылдық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің қос шәкірті топ жарды. Олар – Досжан Марат пен Әділет Аманаев.

Сурет Шет ауданының спорт бөлімінен

Досжан Марат 66 келі салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмей, алтын медальді қанжығалады. Ал, Әділет Аманаев 50 келі салмақ дәрежесінде атой салып, чемпион болды. Спортшыларды жоғары деңгейдегі жарысқа баптаған – Қанат Амантайұлы.

– Бұл жарысқа тыңғылықты дайындалдық. Әдіс-тәсілдерді пысықтадық. Мұндай спортта физикалық дайындық өте маңызды. Шәкірттерім жоғары деңгейде өнер көрсетті. Республикалық деңгейдегі додаға осал спортшы келмейді. Әр аймақтан іріктелген мықтылар ғана белдеседі. Бұл жарысқа кілең мықтылар келіпті. Досжан Марат пен Әділет Аманаев ойдағыдай белдесті. Бұл жарыстан тәжірибелерін арттырды. Келешекте екеуі осы қарқындарынан танбаса, бұдан да үлкен жетістіктерге жетеді деп ойлаймын, – деді Қанат Амантайұлы.

Республикалық деңгейдегі жарысқа еліміздің түпкір-түпкірінен 300-ге жуық спортшы қатысыпты. Жалпы, бұл додаға Шет ауданынан Досжан Марат пен Әділет Аманаев қана барыпты. Екеуі де жеңіс тұғырынан көрініп отыр.

Ерік НАРЫН,
«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Back to top button