Мораторий ұзартылды
Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ төрағалығымен елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және Жер реформасы жөніндегі комиссияның қызметі туралы кеңес өтті.
Кеңеске Премьер-Министр К.Мәсімов, Президент Әкімшілігінің басшысы Ә.Жақсыбеков, Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов, Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Н.Ермекбаев, Ұлттық экономика министрі Қ.Бишімбаев қатысты.
Іс-шара барысында Жер реформасы жөніндегі комиссияның жұмыс қорытындылары талқыланып, жер заңнамасының өзгерістеріне мораторийді 5 жылға ұзарту туралы шешім қабылданды.
«Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға
мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы
Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы №248 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
қаулы етемін:
1. «Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 248 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 27, 150-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтағы «2016» деген цифрлар «2021» деген цифрларға ауыстырылсын.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2016 жылғы 18 тамыз
№308