Жаңалықтар

«Үміт еткен көзімнің нұры – балам…»

Балғожа би немересі Ыбырайды жасынан-ақ адалдыққа, турашылдыққа, шешендікке баулыған. Өзімен бірге жиын-тойларға алып жүріп, билік айтқызып, қанатын қатайтқан.  Немересі Ыбырайды өз тәрбиесіне алған Балғожа би табысқа жетудің ендігі жолы – оқу деп біледі. XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап патша үкіметі қазақ даласын бағындырудың, билеп-төстеудің тағы бір жаңа әдісін қолданып, қазақ балаларына арнап 1850 жылы 22 тамыз күні Орынбор қаласында мектеп ашады. Сол мектепке қазақтан 30 баласы қабылданса, солардың бірі 9 жасар Ыбырай еді. Балғожа би баласын оқуға берудегі мақсатын Орынборда оқып жүрген жасөспірім Ыбырайға жолдаған өлең-хатында былайша білдірген:
Үміт еткен көзімнің нұры – балам,
Жаныңа жәрдем берсін Хақ Тағалам.
Атаң мұнда анаңмен есен-аман,
Сүйіп сәлем жазады бүгін саған.
Атаңды сағындым деп асығарсың,
Надан боп білмей қалсаң, аһ ұрарсың.
Шырағым, мұнда жүрсең не етер едің,
Қолыңа құрық алып кетер едің.
Тентіреп екі ауылдың арасында
Жүргенмен, не мұратқа жетер едің?!
Мектеп бітіргеннен кейін, 1857-1859 жылдары аралығында атасы Балғожа бидің хатшысы болады. Ыбырай Алтынсарин өзінің 1879 жылы жарық көрген «Қазақ хрестоматиясы» кітабына «Балғожа бидің баласына жазған хаты» деген өлеңді енгізген. Сол өлеңде айтылатын ақыл – өсиеттер Балғожа бидің сөздері.

Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 2-том.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button