Жаңалықтар

Өмір мәйегінің өкілдеріне марапат

Күні кеше ғана өткен мәдениет пен өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесінде осы саланың отымен кіріп, күлімен шыққандардың бірқатары құрмет пен марапатқа ие болды. Әуелі облыс әкімі біраз қызметкерлерге құрмет көрсетті. Тіпті, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өнерде жүрген 30 өнерпазға пәтер кілтін табыстады. Іле-шала келесі күні – 20 мамырда облыстың мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Еркебұлан ЖҰМАКЕНОВ және бірқатар қызметкерді басқарма сыйлығымен марапаттады.

– Облысымыздағы мәдениет саласының қызметкерлері елдігімізді, ғасырлар бойы мұра болған асыл қазынаны ұрпаққа жеткізу жолында ауқымды жұмыстар атқаруда. Пандемия өршіген уақытта мәдениет ошақтарының жұмысы онлайнға көшті. Мекемелердің әлеуметтік желілердегі жеке парақшалары мен сайттары жанданып, интернет арналары жұмыс жасай бастады. Бұрын экскурсия жетекшісі, кітапханашы болып қызмет еткен мамандар видео түсіруді, монтаждауды үйренді. Театрларымыз көрермен көңілінен шығу үшін онлайн қойылымдар қоя бастады. Ең бастысы «жұмыла көтерген жүк жеңіл» болып, жұмыс тоқтамады. Дәл осы кезеңде техник-мамандарға, фото-видео түсірушілерге деген сұраныс та артты. Осы жағдайларды ескере отырып, биыл басқарманың сыйлығын тапсыру форматын сәл өзгерттік. Кезек көпшіліктің көзіне түспей-ақ таудай талабымен небір құнды дүниелерді жарыққа шығарып, сахнаның, экранның сыртында жүрген кәсіпқой жандарға келді. Видеоларды түсіру, монтаждау, оның дыбысын реттеу, жарығын сәйкестендіру, сахнаны әрлеу, былайша айтқанда әр жақсы дүниенің артында көзге көрінбейтін таудай еңбек, төгілген тер жатыр.

«Бұл – сіздердің еңбектеріңіз» – деген сөзінен кейін Еркебұлан Қайроллаұлы ақшалай сыйлықтар мен дипломдарды табыстады. С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған театрының қуыршақ труппасының көркемдік-өндірістік бөлімінің жетекшісі Ботагөз Кеделбаева – «Үздік қоюшы маман», Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының дыбыс инженері Сәуле Мұстафина – «Үздік көркем шығармашылық маманы», К.Станиславский атындағы орыс драма театрының әдеби-драма бөлімінің жетекшісі Елена Нумерова – «Көркем сөз шебері», Облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығы ғылыми-әдістемелік орталығының костюм суретшісі ГауҺар Нұрғожина – «Үздік бейне жасау маманы», Қ.Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігінің стационарлық дыбыстық жабдықты пайдалану және жөндеу инженері Елена Савушкина – «Үздік техник-маман», Долинка кентіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу музейінің экспозиция мен көрмелерді қамтамасыз ету бөлімінің жетекшісі Талғат Мұқышев – «Тарих сақшысы», Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапхананың инженер-бағдарламашысы Александр Голяков – «Үздік мультимедиа маманы», Балалар мен жасөспірімдерге арналған Теміртау театрының суретші-безендірушісі Валерия Ульянова – «Үздік сахна безендіру маманы», Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының қуыршақтар әртісі Дарья Судос – «Үздік қуыршақ жанрының маманы», Қ.Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігінің концерттерді ұйымдастыру жөніндегі менеджері Лиза Хомуленко – «Мәдениет саласының үздік менеджері» болып танылды. Сонымен қатар, бұл күні Мәдениет және спорт министрлігінің төсбелгілері мен Алғыс хаттары да иегерлерін тапты.

Шет аудандық мәдени-сауық ор[1]талығының директоры Әсемгүл Ахметжанова, Балалар мен жасөспірімдерге арналған Теміртау театрының әртісі Владимир Хомутов, Тәттімбет атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің жоғары деңгейлі, жоғары санатты әртісі Әлия Құлғалиева Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының хор әртісі Болат Шибұтов, Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының зағип пайдаланушыларды абонементтік қамтамасыз ету секторының басшысы Қаламқас Хасенова, С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған театрының қуыршақ труппасының әртісі Светлана Тихонова, Балалар мен жасөспірімдерге арналған Теміртау театрының әртісі Евгения Тесля-Ярцеваға Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасы табысталды. Мәдениет және спорт министрлігінің Алғыс хатымен Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының жаңартпашылықәдістемелік бөлімінің жетекшісі Гүлнар Мұхтарқызы, К.Станиславский атындағы орыс драма театрының әртісі Иван Немцев, Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде ғылыми қызметкері Назерке Жартын, Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының аспапшы әртісі Татьяна Полещук, Қ.Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігінің Еркеғали Рахмадиев атындағы симфониялық оркестрінің әртісі Жанна Алмазқызы марапатталды. «Қазақстандағы мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігінің «Еңбек даңқы» төсбелгісімен мәдени саланың үш бірдей майталманы марапатталды.

Олар – облыстық мәдени-сауық және ғылыми-әдістемелік орталығының басшысы Кагиза Сүлейменовна, С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облысының Академиялық қазақ драма театрының қойылым бөлімінің меңгерушісі Жәлел Садырбеков.

Тарихи-мәдени мұраларды сақтау орталығының басшысы Түлкібай Сақтағанұлына «Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасы табысталды. Бұлардан бөлек, аймақтағы бірнеше мәдениет пен өнер қызметкеріне Қарағанды облысы әкімінің, тағы бір топ қызметкерге мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының Құрмет грамоталары табысталды.

Жәнібек ӘЛИМАН.

Басқа материалдар

Back to top button