Коронавирус

Мереке күндері сауда үйлері ж9мысын тоқтатады

Коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсыз болуына және аурудың ауыр ағымымен ауыратын науқастар санының артуына байланысты, коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында Қарағанды қ. Қазыбек би атындағы ауданы, Қарағанды қаласы Октябрь ауданы, Теміртау қ., Шахтинск қ., Приозерск қалаларының және Абай ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері:

демалыс (сенбі және жексенбі) күндері ғана емес, сондай-ақ мереке күндері (22-24 наурызды қоса алғанда) бірқатар объектілердің жұмысын тоқтата тұру туралы, атап айтқанда:

-сауда үйлері, сауда орталықтары, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда желілері, көтерме-тарату орталықтары, ауданы 2000 шаршы метрден астам азық-түлік емес тауарларды сататын жеке тұрған дүкендер (азық-түлік супермаркеттерін, дәріханаларды, сұлулық салондарын, оларда орналасқан химиялық тазарту орындарын қоспағанда);

– жабық және ашық ауада базарлар (азық-түлік және азық-түлік емес) жұмыстарын тоқтату туралы шешім қабылдады.

Қаулылар қол қойылған кезінен бастап күшіне енеді.

Басқа материалдар

Back to top button