Қарағанды

Мерейлі мектеп

    1976 жылы іргетасы қаланған № 66 орта мектеп жарты ғасырға жуық ғұмырында қаншама жас ұрпақты тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатып келеді.

Осы мақсатта мектептің қырық жылдық мерейтойына арналған салтанатты шара өтті. №66 орта мектептің директоры Б.Нұрмұханов: «Ұстаздар қауымы тәуелсіз еліміздің жас ұрпағын тәрбиелеп, алға қойған міндеттерді орындау жолында еңбек етуде. Басты мақсатымыз – білім беру сапасын жетілдіру, мұғалімдерімізді, шәкірттерімізді білім нәтижесі арқылы алдыңғы қатардан көру», – деді. Барлық ұстаздарды мерекелерімен құттықтап, Құрмет грамотасымен марапаттады.

Мектеп бітірген түлектер педагогикалық қызмет ардагерлерін құттықтап, тілектерін білдірді. Кездесу кешінде мектеп ұстаздарының қатысуымен ән шырқалып, өлең оқылды және би биленді. Мектеп мерейтойына құрметті қонақ ретінде зейнет демалысындағы ардагер ұстаздар, Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дан құрметті қонақтар шақырылды. Араларында мектеп ашылған кезден бері қызмет атқарған ұстаздар бар. Олар мектеп ұжымына ізгі тілегін жеткізді.

Ж.БОДУКОВА,

66 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button