«Менің Отаным – Қазақстан»

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: ру­хани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында ішкі туризм мәдениетін дамыту қажеттігін айтқан болатын. Жуырда «Жас дәурен» демалыс орнында «Менің Отаным – Қазақстан» атты туристік слет өтті. Оған жер-жерден топтар қатысып, ауданымыздың намысын таяуда ашылған туризм станциясы қорғады.

Станция жетекшісі Қанат Дүйсембаев баптаған оқушылар екі күндік слет барысында өлкетану, топография, гидрология, туризм, хронология және тағы да басқа сайыс кезеңдерінен сәтті өтіп, слет қорытындысы бойынша жүлделі ІІ орынды иеленді. Бұл шараның өтуіне облыстың білім басқармасы, кәсіпкерлік басқармасы мен облыс­тық туристік клуб ұйытқы болған. Бас төрешілікті Сергей Кистанов атқарған.

Сағыныш ӘБІЛОВА

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.