Басты тақырыпЖаңалықтар

Меморандум – маңызды механизм

    Екі елдің Іскерлік кеңесінің 5-ші отырысы да осы іс-шараның аясына енді. Форумның ашылу салтанатына ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов, Мажарстанның Ұлттық экономика министрі Михай Варга, Қазақстан-Мажарстан Іскерлік кеңесінің тең төрағалары – Жанболат Сәрсенов және Шандор Фашимон қатысты.

Алқалы жиын Қазақстан мен Мажарстан республикалары арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жалғастыруға, нығайтуға бағытталған. Форум аясында дәрі-дәрмек өндіру, медициналық жабдықтар, ауыл шаруашылығы, машина жасау, тағам өнеркәсібі, логистика сияқты экономика салаларындағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланды. Бұл мәселелер қазақстандық және мажарстандық кәсіпкерлер арасындағы дәстүрлі екіжақты кездесулерге мұрындық болды.

Форум аясында «Фитохимия» Халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі», «PannonPharma LTD» (Паннон Фарма) Мажарстан фармацевтикалық компаниясы және Қазақстан Республикасының «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі Ұлттық агенттігі арасында өсімдік заттарының негізінде бірегей дәрілік препараттарды өндіруді ұйымдастыру бойынша келісім жасалды.

Меморандумға «Фитохимия» Халықаралық ғылыми-өндірістік холдингінің басқарма төрағасы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор Серғазы Мыңжасарұлы Әдекенов, «PannonPharma LTD» (Паннон Фарма) мажарстандық фармацевтикалық компаниясының басқарушы директоры, доктор Йожеф Петер Паллош, Қазақстан Республикасының «KAZNEX INVEST» Экспорт және инвестициялар жөніндегі Ұлттық агенттігі басқарма төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Жиенбаев қол қойды.

«PannonPharma LTD» (Паннон Фарма) мажарстандык фармацевтикалық компаниясы біздің елдің нарығына 5 млн. АҚШ доллары көлемінде қаржы салады. Мұндағы мақсат – өсімдік заттарының негізінде бірегей қазақстандық дәрілік препараттарды өндіруді ұйымдастыру.

Аталған меморандум – Мажарстан және Қазақстан Республикаларында бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын маңызды механизм. Келіссөздер коммерциялық байланыстарды дамытуға, технологияларды трансферттеу және екіжақты қаржы тартудың көлемін ұлғайтуға ықпал етеді. Қазақстандық дәрілік препараттардың Еуропа нарығына шығуына мүмкіндік береді.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button