Жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілер салауатты өмір салтын таңдайды

   Мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының тестілерін тапсырды. Мұндағы мақсат – салауатты өмір салтын насихаттау, мемлекеттік қызметтің мәртебесін көтеру, мемлекеттік қызметшілердің физикалық әзірлігін анықтау.

Яғни, бұл күні мемлекеттік қызметшілер спорттық жарыстарда өзара сынға түсті. Сынақ қатысушылардың жас ерекшелігіне орай өткізілді.

Іс-шараға Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Октябрь ауданы әкімдігінің және облыстық басқармалар мен департаменттердің мемлекеттік қызметкерлері қатысты.

Нәтижесінде, ең жас қатысушылар – 18-23 жас аралығындағы ерлердің көшін Сержан Тлеужанов бастады. Ю.Алексей (24-39 жас) және К.Оразалин де (40-49 жас) қара үзді. Ал, 50-59 жастағы ерлер арасында Ж.Сәдуақасовтың десі басым болды.

Әйелдер арасында Карина Андерс (18-23 жас аралығында) мықты деп танылды. 24-39 жас аралығында Ксения Дробинаның бағы жанды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қарағанды қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің грамоталарымен, медальдарымен марапатталды.

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button