АймақҚарқаралы

Мемлекеттік қызметшілер қамқорлығы

Қарқаралы ауданының мемлекеттік қызметшілері жан жадыратар жақсы іске ұйытқы болды. Нақтырақ айтқанда, кәсіби мерекелері қарсаңында бір күндік жалақыларын көмекке зәру отбасына табыстады.

Соңғы жылдары аудандағы елді мекендерге көктемгі су тасқыны қауіп төндіріп, халықты біраз әбігерге салды. Салдарынан шығындар да болды. Осы төтенше жағдайда орын алған олқылықтарды жою мақсатын да баспанасы жарамсыз болып қалған адамдарға үй салынып берілді. Алайда, аталған көмектен 2015 жылғы су тасқынындағы комиссия сараптамасының ұйғарымымен Оразалиновтер жанұясы тыс қалды. Кейін су тиген қабырғалары сөгілген үйдің жайы аудан әкімі Халел Мақсұтов пен ауыл тұрғындарына мәлім еді. Баспананың азабын бірнеше жыл тартқан Болатбек пен Зейнегүл Оразалиновтар күн жылынысымен үйдің іргетасын көтермекке бел буады. Дәл осындай игі істі қолға алған отбасына аудан әкімі мемлекеттік қызметшілердің асар жасап, жиған 500 мың теңге қаражатын Оразалиновтердің қолына табыс етті.

«Көп түкірсе, көл» демекші, дер уақытында көмекке келіп, қаражатпен жәрдемдескен мемлекеттік қызметшілерге және сол округтен сайланған депутат Ардақ Елубаевқа Оразалиновтер әулеті өздерінің шынайы алғыстарын білдірді.

Сағыныш ӘБІЛОВА,

«Орталық Қазақстан»

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button