Ресми

Мемлекеттік қызмет: жас буын үшін жаңа мүмкіндік

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментімен  және аудан, қала әкімі аппаратының қызметшілері,  жоғары оқу орнының студенттерінің қатысуымен, жас буынға мемлекеттік қызметтің ерекшеліктерін түсіндіру мақсатында Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде форум өткізілді.

Суреттер департаменттің баспасөз қызметінен

Форум барысында, конкурссыз түсу мүмкіндігін пайдаланған ЖОО түлектері А.Рахимберлина және Ж.Оралбай мемлекеттік қызметте жұмыс істеу кезінде қандай мүмкіндіктер алғанын, сондай-ақ, студенттерге мемлекеттік қызметтің артықшылықтарын жеткізді.

Бұдан бөлек, өңірлік кадр резервінен Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалған  М.Кабылганиева өзінің жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, студенттерге тәлімгерлік кеңес берді.

Кездесу соңында департамент басшысы Жандос Сәрсен болашақ түлектерге сәттілік тілеп, мемлекетке қызметке шақырды.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button