Мемлекеттік сатып алу электронды форматта

Мемлекеттік сатып алу саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту мақсатында, сондай-ақ әлеуетті өнім берушілердің жұмыс өтілі туралы жалған ақпарат беру фактілерін болдырмау үшін енгізілген өзгерістердің бірі жаңа бағыт – электрондық депозитарий. Бұл – мемлекеттік сатып алу веб-порталында қалыптасатын, әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың электрондық дерекқоры. Депозитарийдегі мәліметтерді барлық растайтын құжаттардың негізінде өнім берушілер өздері толтырады.

Бұдан бұрын, электрондық депозитарий құрылғанға дейін әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесі болуы үшін шартты жеңілдіктерді өткізілетін сатып алуды ұйымдастырушы тарапынан сөз сөйлейтін лауазымды тұлғалармен есептелген. Нәтижесінде егер шартты жеңілдіктер дұрыс есептелмеген жағдайда немесе басқа да жіберілген қателіктер жеткізушілердің наразылықтарын, шағымдарын тудырды.

Бүгінгі таңда, электрондық депозитарий – жұмыс тәжірибесі үшін шартты жеңілдіктерді автоматты түрде есептейтін құралдар жинағы.
Электрондық депозитарийдің ақпараты әлеуетті жеткізушілердің тәжірибесін автоматты түрде есептеуі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, оның ішінде жалған ақпарат беру, бұрмалау, жұмыс тәжірибесін жасанды арттыруды болдырмауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу кезінде сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың бірден-бір жеткізушіні таңдау процесінде адами шешім факторларын алып тастау. Мемлекеттік сатып алулардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің бірі – ірі көлемдегі сатып алулар (құрылыс-монтаждау жұмыстары және жобалау бойынша жұмыстар) үшін өнім берушіні таңдаудың негізгі критерийі жұмыс тәжірибесінің болуы үшін шартты жеңілдіктермен есептелді. Сондықтан да, манипуляция фактілерінің көпшілігі жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттармен жүзеге асырылды.

Осы фактілердің алдын алу үшін электрондық депозитарий, яғни, жұмыс тәжірибесін растайтын барлық құжаттардың электрондық базасы.

Қарағанды облысы бойынша қазынашылық департаменті туралы Ережесіне ҚР Қаржы министрлігі қазынашылық комитетінің 2021 жылы 14 маусым №2003 бұйрығының негізінде мемлекеттік сатып алу саласында электрондық депозитарий қалыптастыру және жүргізу бойынша жаңа функциялары жүктелді. 2021 жылғы 1 тамыздан бастап, бүгінгі уақытта мемлекеттік сатып алу веб-порталында электрондық депозитарийді қалыптастыру, жалпы оны жүргізу барысында, соңғы он жылдағы әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар мен мәліметтерді тексеру, верификациялау процесінде орасан зор жұмыс атқарды.

Электрондық депозитарийде толтырылған мәліметтерді қазынашылық органдар тұрғысынан қарау барысында растауды үш кезеңді бақылау жүйесі енгізілді, яғни, «растау» маманнан бастап, бөлім басшысы, мәліметті растау бойынша түпкілікті шешімді департамент басшысы қабылдайды, ал анықталған қателік, сәйкессіздіктер негізінде ауытқу/қабылдамау барысы маман, бөлім басшысы, департамент басшысының орынбасарының деңгейінде бекітіледі.

Әлеуетті жеткізушілердің өтінімдерін аумақтық қазынашылық органдары арасында автоматты түрде «рандомно» түседі және өтінімді он жұмыс күн ішінде қарап, нәтижелері бойынша растау немесе растаудан бас тарту/ауытқу туралы шешім қабылдайды.

«Расталған» мәртебесі бар электрондық депозитарийдегі мәліметтер мен құжаттар конкурстық комиссияның назарына алынып, конкурстық ұсынысты қалыптастыруға және жеңімпазды анықтауға тікелей әсер етеді, бұл ретте «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 47-бабына сәйкес шағымдануға жатпайды. Өткізілетін мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытынды нәтижелері депозитарийдің электрондық базасын дұрыс толтыру, түзетулер, мәліметтер мен құжаттарды сапалы қарауы сот ісін жүргізу, даулы жағдайларды, шағымдану рәсімдерін барынша азайтуға әкеледі.

Осылайша, электрондық депозитарий әлеуетті өнім берушілер үшін де, тапсырыс берушілер/ұйымдастырушылар үшін де сатып алуға қатысуды және өткізуді оңайлату құралына айналды.

Бүгінгі күні, электрондық депозитарийді қарастыру тәртібі қысқартылды. Электрондық депозитарийді қарастыру және жүргізу Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 8-тарауына сәйкес реттеледі.

Мемлекеттік сатып алу – мемлекеттік реттеудің ең күрделі салаларының бірі. Олардың барынша ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету үшін жоспарлаудан бастап, төлемге дейінгі бизнес-процестерді 100 пайыз цифрландыру енгізілді. Толық автоматтандыру мемлекеттік сатып алудың барлық рәсімдеріне, соның ішінде, шағымдану және бақылау процесіне жұртшылықтың қолжетімділігін ашты.

ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып, конкурс түрінде сатып алудың жаңа тәсілі енгізілді (2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді). Мемлекеттік сатып алудың бұл әдісі рейтингтік-балдық жүйені қолдануға негізделген және мемлекеттік сатып алу процесіне адамның қатысуынсыз және конкурстық комиссиясыз жүзеге асырылады. Мемлекеттік сатып алу веб-порталы әлеуетті өнім берушілерге автоматты түрде тиісті балл (ұпай) береді. Мысалы, жақсы беделге ие болғаны үшін (жұмыс тәжірибесі, қаржылық тұрақтылық, кепілдік мерзімі ұзағырақ) электрондық жүйе оң ұпайлар береді. Керісінше, жаман бедел (бұрынғы шарттар бойынша мерзімі өткен, тұрақсыздық айыбы бар, немесе жосықсыз компаниялар тізілімінде әлеуетті өнім берушінің бұрынғы болуы) теріс ұпай беруге әкеп соғады. Мемлекеттік сатып алудың бұл тәсілі құрылыс-монтаждау жұмыстарын және жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жөніндегі жұмыс­тарды сатып алу бойынша қолданылады. Осы саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмаудың кепілі.

«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығына, 2023 жылғы 20 сәуірдегі №402 бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Өзгерістер қаржылық тұрақтылықтың жақсы көрсеткіштері бар компаниялармен бірігу және қосылу арқылы құру процедурасынан өткен компанияларға қатысты.

Енді қайта құру (бірігу, қосылу және қайта құру) нәтижесінде алынған жұмыс тәжірибесі бар әлеуетті жеткізушілердің өтінімдерін қарау, уәкілетті органның ведомствосы және аумақтық бөлімшелері қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғалардың қаржылық тұрақтылығы көрсеткіштерінің веб-порталында жаңартылғаннан (біріктірілгеннен) кейін қарайтын болады.

Егер әлеуетті өнім берушінің бірігу, қосылу және қайта құру жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде алынған жұмыс тәжірибесі болса, құжаттардан басқа, осы жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар электрондық көшірмелер негізінде болып табылады.

Электрондық депозитарийді қарастыру және жүргізу жөніндегі функцияларды сапалы және уақытылы орындау мақсатында бүгінгі күні электрондық депозитарий базасын толтыру процесі жалғасуда, жұмыс процесінде қажеттілігіне қарай техникалық-функционалдық мүмкіндіктер, заңнамалық деңгейде қажетті түзетулер енгізілді, сатып алу порталында рәсімдерді автоматтандыру жаңартылды, өтінімді «қарауда» мәліметтердің дұрыстығы, толықтығы, растау, ауытқу/қабылдамаудың негіздігі, белгіленген мерзімде уақытылы өңделуі, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған.

Б.АХМЕТЖАНОВА,
Қарағанды облысы бойынша қазынашылық департаменті басшысының орынбасары

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.