Жаңалықтар

Мемлекеттік қолдау – кәсіпорынға мүмкіндік

Аймақтың үдемелі индустриялды-инновациялық дамыту бағдарламасы бойынша үйлестіру кеңесінде бірқатар жобалар талқыға түсті. Қайсыбір жобалар «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы арқылы субсидияланатын болды.

Жалпы үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында 4,5 млрд.теңгенің 21 жобасы қарастырылды. Тарқатып айтқанда, «Евротехсервис» ЖШС кәсіпорнының жобасы несие бойынша субсидиялауды ұзартуға өтініш беріп, ол өтініш кеңес мүшелері тарапынан қолдау тапты. Жобаның атауы «Химиялық сараптауды және техникалық сұйықтықтарды сынақтан өткізу үшін зертхана құрылысы». Одан кейін «IRS KZ» ЖШС, Виниченко ЖК-нің, Мухамеддин ЖК-нің жобалары да бұл орайда мемлекеттік қолдау иеленбек.

Субсидиялау мерзімін ұзарту кәсіпорындарға не береді? Ол өндірістердің жобалық қуаттылығын сақтап, бизнесін одан әрі жоспарлауға мүмкіндік жасайтын бірден-бір мемлекеттік шара.

Сонымен қатар, кеңесте айналымға мұқтаж жобаларға да оң қабақ танытылды. Осы мақсатта республика бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан 200 млрд. теңге бөлінген.

Электротехникалық құрал-жабдықтар өндірісі, құрылыс материалдары, тұрмыстық техника және халық тұтынатын тауарларды сату бойынша 12 жобаға мемлекеттік қолдау беріледі. 10 пайыздық субсидиялау бойынша қолдау тапқан субсидиялаудың көлемі 2,4 млрд. теңге шамасында.

Бірінші кезекте мемлекеттік бағдарламалар аясында алын­ған қаржының басым бөлігі тауарайналымды ұлғайтуға ықпал етпек. Бұл болса, кәсіпорындарға 800 жұмыс орнын сақтауға мүмкіндік береді. Жаңа жобалардың іске асып, өнімдерін арттыруға, өндірісті жаңғыртуға негіз болмақ.

Қызғалдақ АЙТЖАНОВА,

«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button