Мейірімді жан
Маған №23 мектеп ұнайды. Ұстазымның есімі – Әзима ТАСПЕКҚЫЗЫ. Апай бізді жақсы көреді. Біз де оны құрметтейміз.
Ұстаздар мерекесінде сыныптастарымның атынан Әзима мұғалімді құттықтағым келеді. Менің анамның айтуы бойынша ұстаз сөзінде қаншама мән-мағына жатыр. Ұлағатты ой иелері, парасатты қоғам қайраткерлері де ұстазға қарыздар. Себебі, “Әліппенің” бетін ашып, алғаш әріп танытқан сол адам. Әрбір оқушының ойына нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке тәрбиелейтін адам.
Менің ұстазым – ақжарқын мінезді, ақ жүректі, жылы жүзді жан. Ешкімге ұқсамайтын еңбекқор, білімді, мейірімді. Ол бізді жақсы адам болуға тәрбиелейтін, болашаққа мақсат қоя білуде жүрегімізге сенім ұялатар зор тұлға.
Әнуар ӘБДЫҚАС,
№23 мектептің
2 «Б» сынып оқушысы.
ҚАРАҒАНДЫ қаласы.