Медицина сапасын арттыра отырып…

Өткен дүйсенбіде Оңтүстік Кореялық Енсе университеті «Северанс» госпиталінің бас директоры Сок Ли Бен және Severans-KZ Халықаралық Медициналық қорының Президенті Лариса Ан бастаған делегация Қазақстанға жұмыс сапары аясында, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Басқарушы Кеңесінің Бас директоры Бақтияр Қырықпышев бастаған басшылық құраммен кездесті. Кездесуде Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастық, сондай-ақ кадрлар даярлау және қайта даярлау мүмкіндіктері қаралды.

«Северанс» госпиталі Оңтүстік Корея Республикасының үздік медициналық мекемелерінің бірі және Азия денсаулық сақтау жүйесінде танылған көшбасшы. Оның мамандары Енсе уни- верситетінің академиялық базасында жұмыс істейді.

Кездесу нәтижесінде медицина саласындағы бірлескен жұмыс және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Осы құжатқа сәйкес, «Северанс» госпиталі Қазақмыс компаниялар тобының қызметкерлеріне және «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС еншілес медициналық мекемелерінде емделіп жатқан басқа да мұқтаж пациенттерге медициналық қызмет көрсету сапасын тез арада арттыру мақсатында өздерінің жинақтаған тәжірибесімен көмектеседі».

Қол қойылған меморандум денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан-Корей ынтымақтастығына тағы бір қомақты үлес қосты. Олай дейтініміз, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Енсе университетінің құр- метті докторы.

Оңтүстік кореялық және Жезқазғандық медицина қызметкерлері ынтымақтастығының басты мақсаты – денсаулық сақтау, медицина, білім беру, ғылым және инновациялық қызмет саласындағы мемлекетаралық байланыстарды дамыту және нығайту.

Денсаулық сақтау саласындағы байланыстарды дамыту үшін қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ өнім мен технологиялық процестерге, медициналық қызметтердің сапасына қатысты халықа- ралық сапа стандарттарын енгізу, жұмыс істеу үшін қажетті жағдай жасау және қызметтердің өзіндік құнын төмендету көзделген. Сонымен қатар, әлеуметтік серіктестік институтын дамыту және «Жезқазған медициналық орталығы «ЖШС» базасында ақпараттық жүйелерді дамытудың озық технологияларын енгізу жоспарда бар. Уағдаластықтар медициналық технологиялар трансферті бойынша ғылым-білім беру және инновациялық қызметте ұзақ мерзімді серіктестік қатынастарды жолға қоюға, кадрларды даярлау бойынша халықаралық білім беру бағдарламаларын енгізуге, біліктілікті арттыру курстарын және шеберлік сыныптарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні халықаралық ынтымақтастықтың негізгі алаңына айналып отырған Жезқазған медицина орталығының он тоғыз бөлімшесі бар, онда, жүзден астам дәрігер, оның ішінде, екі медицина ғылымдарының кандидаты жұмыс істейді. Медицина орталығының директоры әрі бас дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты Владимир Моторыкиннің айтуынша, ынтымақтастық бойынша ең алдымен жаңа технология ларды енгізу жоспарланған. Ал, диаг- ностика мен дәрігерлік дағдыларды жақсарту сәйкесінше, онкологиялық аурулар мен жүрек ауруларын анықтауда скринингтердің сапасын арттырады, бұл – осы қатерлі аурулардың бастапқы сатысында қажетті шараларды қолдануға мүмкіндік береді. Мұны қазіргі таңда кореялық мамандар көрсетіп отыр.

Меморандумда оңтүстіккореялық әріптестердің көмегімен медициналық орталықты дамыту бағыттары да анықталды. Бұл пульмонология, еңбек медицинасы мен кәсіби ауруларды зерттеудегі бірлескен ғылыми-зерттеу жобалары, неврологияны дамыту, эндоскопия, гастроэнтерология, интервенциялық кардиология, сәулелік диагностика, телемедицина және медициналық чекап шеңберінде пациенттерді тексеру.

Айта кету керек, Жезқазған меди- циналық орталығының халықаралық ынтымақтастық бойынша мол тәжірибесі бар. Он жылдан астам уақыт бойы мекеме Фрайбург қаласындағы (Германия) университет клиникасымен тығыз байланыста жұмыс істеп келеді. Сондай-ақ, Сеулдегі (Оңтүстік Корея) «Самсунг» клиникасымен серіктестік қарым-қатынас орнатылған.

– Мұндай тығыз ынтымақтастық Қазақмыс компаниялар тобының жұмысшылары мен Жезқазған өңірінің тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсету ісіндегі біздің алға қойған мақсаттарымыздың орындалуына оң ықпал етеді деп үміттенеміз,- деді «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Басқарушы Кеңесінің Бас директоры Бақтияр Қырықпышев.

Владимир ОДИНЦОВ.

Суреттерді түсірген Валерий КАЛИЕВ.