Жаңалықтар

Медицина негіздері бағаланды

Медицинаның халықаралық негіздері – International Foundations of Medicine (IFOM) бойынша тестілеуге еліміздегі 7 медициналық жоғары оқу орнының 650 студенті қатысты. Оның ішінде Қарағанды медицина университетінің 200 студенті де білімдерін таразыға салды. Оның бағасын АҚШ Медициналық емтихан алушылар ұлттық кеңесі шығарады.

Жақында өткен бұл шара негізгі және клиникалық пәндер бойынша өткізілді. Оның үйлестірушілері – тәуелсіз тестілеудің ұлттық орталығы. Аталмыш орталықтың тестілері медициналық мектептер мен басқа да мекемелердің білімін бағалап, оның халықаралық стандарттарға сәйкестігін анықтайды. Студенттердің анатомия, биохимия, гистология және жасуша биологиясы, микробиология, ағзалар жүйесі, патология, фармакология, физиология сынды ғылымдар бойынша білімдері тексеріледі.

Тестілеуге қатысушылар емделушілерге қауіпсіз және тиімді күтім жасауды қамтамасыз етуге қажетті клиникалық ғылымдар жөніндегі білімдері мен түсініктерін ортаға салды.

Жансая ОМАРБЕКОВА

Басқа материалдар

Back to top button