Спорт

Максим күміс медальмен күптелді

Қарағандылық балуан Максим РАКОВ Антальяда дзюдодан өтіп жатқан «Гран-при» жарысында 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, күміс медальді олжалады.

Мықтылармен боз кілемде белдескен Максим бабында екендігін байқатты. Жартылай финалда ресейлік Нияз Ильясовты тізе бүктіріп, финалда оның отандасы Адлан Бисултановқа есе жіберді.

Еске сала кетейік, М.Раков ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, дзюдо күресінен тәуелсіз қазақ тарихында бірінші рет әлем чемпионы атанған балуан. Одан бөлек, Жастар арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері (2002), Жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері (2006), Азия чемпионатының қола жүлдегері (2007), Әлем кубогының күміс жүлдегері (2008), Азия чемпионы (2009), Әлем чемпионы (2009), Жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері (2010), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2011), Жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері (2014), Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2015), Азия чемпионатының қола жүлдегері (2016). Кешегі күні 100 келіге дейінгі салмақта күмісті еншілеген балуан көңілдерді марқайтты.

ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button