ТеміртауҰлы Жеңіске – 76 жыл

Майдангерге мәңгі құрмет

Теміртау қалалық Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің мұрындық болуымен Ұлы жеңістің 76 жылдығына орай «Менің жерлестерім соғыс жылдарында» атты акция өтті.

Акция барысында кітапхана ұжымы қала тұрғындарына соғыс ардагерлері бейнеленген буклет пен мерекелік лента таратты. Бүгінгі таңда Теміртауда 9 соғыс ардагері тұрады. Сол майдангерлердің өмір тарихы мен ерлігі арнайы жасалған буклетте топтасқан.

Соғыс жылдарындағы тарихты, ардагерлерді өскелең ұрпақ білуі үшін аталмыш акцияны жыл сайын өткізіп тұрамыз. Ардагерлерді ұлықтап, соғыс жылдарындағы ерлігін ұмытпай келер ұрпаққа таныстыру қажет. 200-ден астам буклет пен мерекелік лентаны қаланың 5 ірі көшесі мен Ақтау кентінде көпшілікке үлестірдік. Буклет пен мерекелік лентаның барлығын кітапхана қызметкерлері жасап шықты. Бізде құралдар мен құрылғылар бар. Сондықтан, демеушілерді де іздемедік, – дейді қалалық кітапхана директоры Әсел Жансағымова.

Қала тұрғыны Қонысқали Бөпеғалиұлы: «Жылдан-жылға соғыс ардагерлерінің қатары сиреп барады. Арамыздағы майдангерлердің ерліктерін қала тұрғындары жақсы біледі. Әрі аталмыш акцияның да көпшілікке берері мол. Жастар тағы бір мәрте майдангерлердің өмірі мен ерлігін еске алады», – дейді.

Ербол ЕРБОЛАТ.

ТЕМІРТАУ қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button