Маңызды қадам

Міне, Қазақстан Республикасы үлкен реформаның қарсаңында тұр. Бүгінде қазақ әріптерін кириллицадан латын әліпбиіне көшіру мәселесі – еліміздің кейінгі жылдардағы аса бір үлкен бастамасы. Күні кеше ғана Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында латын қарпіне көшу мәселесін жедел түрде батыл қадаммен іске асыру қажеттігін атап өтті. Бұл сонау Тәуелсіздік алған жылдардан бері келе жатқан көкейкесті мәселе болатын. Осы түйін Елбасының пәрменімен шешімін тапты. Енді дәп бүгінгі күні осы мәселе Парламент мәжілісі деңгейінде сараланып, қаралуда. Бұл да сол мақаладан кейінгі жасалған екінші батыл қадам деп айта аламыз. Мұндай маңызды мәселені кешенді түрде егжей-тегжей, мұқият қарап, дұрыс шешім қабылдау – аса қажетті шара. Латын әрпіне көшу арқылы еліміз нағыз рухани жаңғыруды бастан кешіп, дамудың даңғыл жолына түседі деп сенеміз.

Қаламқас ТӨЛЕУХАНОВА,

 мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы.

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.