«Мәңгілік полк»
Осылай аталатын халықаралық акция аясында 8 мамырда орталық алаңда шеру өткенін хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
Оған тыл және еңбек ардагерлері, Қазақстан мен Ресей қарулы күштері әскерилері, қала кәсіпорындары мен мекемелері өкілдері, жастар – барлығы 5 мыңнан астам адам қатысты. Шеруге қатысушылар соғыс кезіндегі әндерді шырқады. Соғыста шейіт болғандарды бір сәт еске түсірді.
Мерекелік шараның соңында бейбітшілікке байланысты игі тілектер жазылған шарлар ұшырылды.
«Мәңгілік полк» шеруі келесі күні Ұлы Отан Соғысының 73 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға ұласты. Оған ҚР ҚМ және РФ ҚМ әскери бөлімдері қатысты.
Қала әкімі Қ.Камзин және ҚР ҚМ, РФ ҚМ гарнизон командирлері ҰОС ардагерлерінің және Сарышаған полигонының бірінші командирі С.Дороховтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Салтанаттан кейінгі іс-шара ардагерлерге, қала тұрғындарына арналаған мерекелік бағдарламаға ұласты.
Әлібек ӘБДІРАШ.
ПРИОЗЕРСК қаласы.