Қарағанды

Мәңгілік елдің тұғыры

Қарағанды  гуманитарлық   колледжі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  бағдарламасын  жүзеге   асыру  аясында Алаш   қозғалысының 100 жылдығына орай қалалық ғылыми-танымдық  конференция өткізді. Бірінші бөлім қала мектептері мұғалімдері мен оқушылары  арасында өтсе, екінші бөлім 8-9 сынып оқушыларына арналған эссе  байқауына жалғасты.

Жиында қазақ қоғамын жаңғыртуда алаштықтардың шығармашылық мұрасын және көзқарастарын тарату сөз болды.

Конференцияда «Алаш» қозғалысының шығармашылық мұрасын зерттеу көзделді. Оқушылар Алаш көшбасшыларының  саяси-құқықтық, демократиялық, ұлттық құндылықтарға қатысты көзқарастарын, тұжырымдарын жаңа  заманның талаптарына сай зерделеді.

Конференцияның пленарлық отырысында Қарағанды гуманитарлық  колледжінің  директоры    Есжан Әміров «Ұлт болашағы  жолында   біріккен  Алаш  тұлғалары» жөнінде баяндама оқыды. «Алаш» ұлттық идеясының «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясымен тарихи сабақтастығына тоқталды. Сондай-ақ, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаладағы қазақтың ұлттық кодын, табиғатын, рухани бітімін тілге тиек етті.

«Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры  Нұрсахан Бейсенбекова қатысушыларға Әлихан Бөкейхан еңбектерінен тың  деректер айтты.

«Рухани жаңғыру – өскелең ұрпақтың дара жолы» эссе байқауында №68 мектептің 9 сынып оқушысы Назира Бабашова І дәрежелі дипломмен, №92 гимназияның 9 сынып оқушысы Шұғыла Досболова ІІ дәрежелі дипломмен, №25 мектептің 9 сынып оқушысы Ажар Ақылбекова ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Аяулым СОВЕТ

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button