Қарағанды

Мәңгілік ел мұрагерлері

   №42 «Тілек» балабақшасы «Шағала» тобында ҚР Тәуелсіздігі күніне орай балаларды отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу, айтулы азаматтарымыздың өмір жолын дәріптеу мақсатында «Күн дидарлы Қазақстан» мерекелік ертеңгілігі өтті.

Балалардың Тәуелсіздік туралы түсініктерін кеңейту, еліне, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін, мақтаныш сезімдерін арттыру, өз елінің, жерінің, ұлтының намысын қорғауға тәрбиелеу осындай шаралардан бастау алса керек. Балабақша тәрбиеленушілері ертеңгілікті Қазақстан Республикасының Әнұранымен бастап, үш тілде «Тәуелсіздік» туралы тақпақтар айтып, патриоттық әндер шырқады. Сонымен қатар, айбынды ұлдар «Алға, Қазақстан!» биін билеп, көрініс көрсетті. Бүлдіршіндер Тәуелсіздігіміз мәңгі болып, көк байрағымыз көкте самғай берсін деген тілектерін де білдірді.

Балаларымызды тәрбиелеп, білім беріп отырған тәрбиешілер – Калкен Сәкеноваға және Гүлзада Мәткеноваға алғысымызды білдіреміз. Балабақша директоры Райхан Алтынханқызына да рахметімізді айтамыз.

Егемен еліміз мәңгілік болып, қырандай биікке самғасын. Тәуелсіз мемлекетіміздің атақ-даңқы арта берсін!

«Шағала» тобының

ата-аналар ұжымы.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button