Ресми

Мүгедектігі бар тұлғалардың назарына!

Келесі мемлекеттік қызмет түрлерін енді Электрондық үкімет egov.kz порталында үйден шықпай-ақ алуға болады.

1. «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу»;

2. «Мүгедектерге кресло-арбалар беру»;

3. «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу»;

4. «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету»;

5. «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету»

Қызметті алу үшін порталдың (egov.kz) басты бетінде «Әлеуметтік қамтамасыз ету» бөліміне өту, одан әрі «Мүгедектерді қолдау» бөліміне өтіп қажетті қызметтерді ала аласыз.

! Енді қызмет алушыларға жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келудің және құжаттарды қағаз түрінде ұсынудың қажеті жоқ.

«Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ.

Басқа материалдар

Back to top button