Жаңалықтар

«Мүгедектерді санаторлы-курорттық емдеумен қамтамасыз ету» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша және мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету туралы ақпарат

Әлеуметтік оңалту іс-шаралары бағыттарының бірі ретінде  – мүмкіндігі шектеулі жандардың демалысын ұйымдастыру болып табылады.

Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес (бұдан әрі-ОЖБ) мүгедектер, мүгедек-балалар санаторлы-курорттық емдеумен қамтамасыз етіледі.

Бөлінетін жолдамалардың саны жылдан жылға арттырып отырғанын айта кеткен жөн.

Биылғы жылы Қарағанды қаласына бөлінген жолдамалардың саны 2010 дана, былтырғы жылмен салыстырғанда 832 жолдамаға арттырған.

Үстіміздегі жылдың сәуір-қыркүйек айлары аралығында 1366 адам «Береке» шипажайында (Щучинск қ.) санаторлы-курорттық ем алу іс-шараларымен қамтамасыз етілген, және 24 мүгедек-бала «Березняки» сауықтыру орталығында.

Санаторлы-курорттық ем алу үшін мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (бұдан әрі-Бөлім) жүгіну қажет.

Мүгедектерді санаторлы-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге қажетті құжаттардың тізімі:

– белгіленген нысандағы өтініш,

– жеке бас куәлігі (көшірме),

– мүгедектік туралы анықтама (көшірме),

– ОЖБ үзіндісі,

– санаторлы-курорттық карта,

– мекенжай анықтамасы.

Санаторлы-курорттық емдеумен қамтамасыз ету мәселелері бойынша қосымша ақпаратты Бөлімнен: Қарағанды қаласы, Поспелов көшесі 16, № 5 каб., немесе  300233, 300136, 300169 тел. арқылы алуға болады.

Құжаттарды қабылдау күнделікті сағ.9.00 ден 17.30 дейін, түскі үзіліспен сағ.13.00 ден 14.30 дейін жүргізіледі.

Сонымен қатар, қала тұрғындарын, атап айтқанда, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың тізіміне енгізілген өзгерістерге байланысты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 3 наурыздағы № 102 қаулысы) протездiк-ортопедиялық құралдардың тізімі (18 бұйымға: қол протездерi (иық протездерi, білек протездерi, қол-саусақ протездерi); жілiншiк протездерi; жамбас протездерi; кеуде бездерінiң протездерi; аппараттар, туторлар; балдақтар, таяқтар, жетек арбалар; корсеттер, реклинаторлар, басұстағыштар; бандаждар, емдік белбеулер, балалардың профилактикалық шалбаршалары; ортопедиялық аяқкиім және қосымша құрылғылар (кебiстер, супинаторлар); аппараттарға арналған аяқкиім; жейде киюге арналған құрылғы; колготки киюге арналған құрылғы; шұлық киюге арналған құрылғы; түйме тағуға арналған құрылғы (ілмек); белсенді ұстағыш; ыдыс-аяқты ұстауға арналған ұстағыш; қақпақтарды ашуға арналған ұстағыш; кілтке арналған ұстағыш), сурдотехникалық құралдардың тізімі (7 бұйымға: есту аппараттары; веб-камерасы бар ноутбук; көп функционалды дабылды жүйелер; мәтiндiк хабарламасы және хабарды қабылдау қызметі бар ұялы телефондар; саңырау және нашар еститін адамдарға арналған сағаттар; кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорлары; дауыс шығаратын аппарат), тифлотехникалық құралдардың тізімі (15 бұйымға: тифлотаяқтар; оқу машиналары; сөйлеу синтезі бар экрандық қол жеткізу бағдарламасымен қамтамасыз етілген ноутбук; Брайль жүйесі бойынша жазу құралы; Брайль жүйесі бойынша жазу грифелi; рельефті-ноқатты қаріппен жазуға арналған қағаз; дыбыспен хабар беретін және диктофоны бар ұялы телефондар; дыбыс жазбасын шығаруға арналған плейерлер; нашар көретін адамдарға арналған сағаттар; сөз шығаратын термометр; сөз шығаратын тонометр; тест жолақшалары бар сөз шығаратын глюкометр; брайль қарпін өз бетімен үйренуге болатын сөйлейтін құрал; Брайль бойынша алмалы-салмалы әліппе; көру қабілеті бұзылған мүгедектерге арналған ине сабақтағыштар, тігін инелері), міндетті гигиеналық құралдадың тізімі (13 бұйымға: несеп қабылдағыштар; нәжіс қабылдағыштар; жөргектер; сіңіргіш жаймалар (жаялықтар); катетер; стоманың айналасындағы теріні қорғау және тегістеуге арналған паста-герметик; қорғаныш крем; сіңіргіш ұнтақ (опа); иісті бейтараптандырғыш; теріні тазартқыш; санитарлық құрылғысы бар кресло-орындық; дәретхана бөлмесіне арналған қайырмалы тіреуіш тұтқалар; жуынатын бөлмеге арналған тұтқалар) ұлғайғанын хабарлаймыз.

Аталған «жаңа» оңалту құралдармен қамтамасыз ету үшін мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға медициналық айғақтамалар болған жағдайда медициналық ұйымының дәрігерлік-кеңестік комиссиясы қорытындысы негізінде медициналық-әлеуметтік сараптамамен берілетін тиісті ОЖБ болуы шарт.

ОЖБ болған жағдайда мүгедек Бөлімге жазбаша өтініш жазып, төмендегі құжаттармен жүгінуге құқылы:

– ОЖБ үзіндісі,

– мүгедектік туралы анықтама (көшірме),

– жеке бас куәлігі (көшірме).

Мүгедектерді әлеуметтік оңалту мәселелері бойынша толық ақпаратты Бөлімнен алуға болады.

 

«Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button