Жаңалықтар

Мүгедек – балаларды тәрбиелеуші ата-аналарға психологиялық көмек және кеңес беру үшін онлайн қолдау қызметін ұйымдастыру туралы

2015 жылдың шілде айынан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК және Қазақстан – Ресей медициналық университетінің (бұдан әрі – ҚРМУ) қолдауымен мүгедек – балаларды тәрбиелеуші ата-аналарға онлайн қолдау бойынша жобаны жүзеге асырды. Қызметтің негізгі міндеті мүгедек-балаларды тәрбиелеуші отбасыларға психологиялық денсаулық, отбасыда оңтайлы әлеуметтік-психологиялық климат қалыптастыру шарттарын құру мақсатында  кеңестік көмек көрсету және мүгедек-балаларды тәрбиелеуші адамдарға психологиялық қолдау көрсету болып табылады.

1411 тегін бірыңғай қысқа нөміріне қоңырау шала отырып, мүгедек балалар тәрбиелеп отырған ата-аналардың психологиялық көмек және консультация алу үшін кезекті брондау мүмкіндігі бар.

Мүгедек-балаларды тәрбиелеуші тұлғаларға онлайн-психологиялық кеңес беру Қазақстан-Ресей медициналық университетінің мамандарымен жүзеге асырылады.

Толық ақпаратты 1411 телефоны бойынша алуға болады. Сіз, қалалық және ұялы телефон арқылы қоңырау шала аласыз. Қоңырау шалу-тегін.

Онлайн-психологиялық кеңес алу үшін;

– Интернетке қосылған компьютер;

– Веб-камера;

– Компьютерге қосылған микрофоны бар құлаққаптар немесе динамиктер;

– Бейнелі Skype арқылы алмасу бағдарламасы болу тиіс.

Қосылу Skype(скайп атауы) адресі;krmu1411

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button