Қарқаралы

Мәдениет саласына қамқорлық

    Мәдениет саласын дамытудағы маңызды негіздердің бірі – материалдық-техникалық база екені даусыз. Қарқаралы ауданында мәдениет нысандарын қалпына келтіру әрі оларға қажетті жағдай жасау оңтайлы шешім тауып келеді.

Жыл сайын ауылдардағы мәдениет ошақтарына жөндеу жұмыстарын жүргізу, қажетті құрал-жабдықтармен, мерзімді басылымдар, кітап қорларымен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Мәселен, былтырғы жылы Бесоба ауылындағы клуб үйіне «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасы аясында  ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қала басындағы Мәдениет үйінің жылу жүйесі қалпына келтіріліп, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандус орнатылды. Сондай-ақ, Жарлы, Татан, Ақжол, Тегісшілдік, Қарағайлы елді мекендеріндегі мәдениет ғимараттарына түрлі дәрежедегі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Үстіміздегі жылы тағы бірнеше клуб үйлерін жаңарту жоспарланып, қажетті қаражат қарастырылған. Атап айтқанда, Егіндібұлақ Мәдениет үйі мен кітапханасына, Айнабұлақ, Қояндыдағы клуб үйлеріне, Бесоба кітапханасына жөндеу жұмыстарын жүргізу, Қарқаралы Мәдениет үйінің шатырын алмастыру мақсатында үстіміздегі жылы жобалық-сметалық құжаттарын дайындауға 11,5 млн. теңге бөлінді. Нәтижесінде, 2019-2020 жылдары жоғарыда аталған мәдени нысандар жаңара түспек.

Сағыныш ӘБІЛОВА

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button