Аймақ

Мәдениет үйі жөнделді

Жақында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Мойынты мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп, ел игілігіне тапсырылды. Мәдениет үйінің күрделі жөндеуден кейінгі ашылу салтанатына ауыл тұрғындары қатысты.

Аталмыш мәдени нысанның құрылыс жұмыстары былтыр басталып, биылығы жылы толығымен аяқталған. Күрделі жөндеу жұмыстары барысында мәдениет үйінің шатырын, едендерін ауыстыру, ішкі қабырғаларды әрлеу, орындықтарын және есік, терезелерін ауыстыру, сыртқы әрлеу (фасад) жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар, жылу, тоқ жүйелерін жаңарту, жылу қазандығын айырбастау, су тарту, сантехникалық және сыртқы қоршау орнату жұмыстары атқарылған.

Құрылысқа жауапты мердігер міндеттерін уақытылы тапсыру үшін, жұмысты жеделдеткендігін жеткізді.

– Мұнда жөндеу жұмыстарының бүгінде 100 пайызы аяқталды. Айналасын тазалап қойдық. Келісімшартта көрсетілген міндеттемелердің барлығын орындадық. Біз мердігер мекеме өз демеушілігімізбен қосымша жұмыстарды да қоса атқардық, – дейді «Ғимарат KZ» ЖШС-нің өкілі.

Айта кетейік, былтыр «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында Мойынты мәдениет үйіне 112 млн. 660 мың 900 теңгеге қаржы күрделі жөндеу жұмыстарына қарастырылған. Оның ішінде 62 млн. 526 мың 799 теңге жергілікті бюджеттен, облыстық бюджеттен 50 млн. 134 мың 101 теңге бөлінген.

Нұрдос КӘРІМ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button