Жаңалықтар
Әлемдік БАҚ не дейді?
«Қазақстан әлем жұртшылығын ядролық қарусыздануға үндеуге толық құқылы. Қазақстанның ядролық қарудан бас тарту жолында 1991-ші жылы Семей полигонын жабуы – маңызды қадам. Ядролық қарусыздануда Қазақ- стан әлем елдеріне үлгі бола білді. Орталық Азиядағы жас мемлекет тәуелсіздік алған алғашқы күндерінен-ақ ядролық қарудан бас тартып, соңғы 25 жылда әлем елдерін осы бастаманы қолдауға шақырып келеді».
Жапонияның ағылшын тілінде ақпарат тарататын «Дипломат» басылымы.
«Қазақстанның Вашингтон мен Тегеран арасындағы ядролық келісімге қосқан үлесі зор. Сондай-ақ, Қазақстан ядролық қарудан бас тарту арқылы қалай қауіпсіз ел құруға болатынын әлем елдеріне көрсете білді».
Америкалық
«Форин полиси» басылымы.