Басты тақырып

Әлем дінге мұқтаж

   Әрбір адам жарық дүние есігін ашқаннан айналасын ақпарат әлемі қоршайтыны бәріне мәлім. Бірақ, адам баласы оны қалай және қандай мақсатта қолданатыны тірі жанға беймәлім. Бұл – уақыт еншісінде.

Бүгінде кез келген мемлекет дамуының көрсеткіші экономикалық, әлеуметтік, білім, денсаулық, мәдениет секілді факторларды салыстыру арқылы өлшенуде. Бәріне белгілі нәрсе, тәуелсіздік жалауын көтергеннен бастап алдымызда қанша кедергі, шұңқырлар, соққылар болса да мойымай байыппен дамудамыз. Бұл әрине Елбасымыз Н. Назарбаевтың ұтымды саясаты және де қазақстандықтардың оған сенім артып, қолдауының көрінісі. Осылай біз басшы мен қоғамның арасындағы келісімнің ең үздік моделін көрсете отыра, әлемнің кез келген мемлекеті қызығып қарайтын үлгілі қоғамды көрсетудеміз.

Заманауи өзгерістерге орай мемлекетіміз зайырлы білімді дамытудың нәтижесінде, қазақ жері бұрын сонды көрмеген баламалы энергияның жаңа көздерін анықтайтын заманауи технологияларды елге алып келді. «Цифрлы Қазақстан» арқылы әрбір қазақстандық ғаламторға кіре отыра, өзіне қажет затты әлемдік тәжірибеден алсын деген дүниелер жасалуда. Сонымен қатар, жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениеттің аясында қоғам санасындағы қалыптасқан жағымсыз әдеттерден  құтылу нәтижесінде халықтың бірлігін қорғайтын, елдің гүлденуіне барынша атсалысатын, өзіне қалағанды досына, көршісіне қалайтын ұрпақты тәрбиелеп шығару мерзімі жүруде. Әрине, бұл дамыған елдердің қатарына қосылу үшін елінің, жерінің, халқының қамын ойлайтын патриоттарды шығару – бізге керек бағыт.

Бұл еңбегіміздің жемісті болуының ең басты факторларының бірі – білім және ғылымның,  ұлы дала елінің қайта гүлденуінің арқасында. Әрі азаматтарымыздың оны түсініп, қолдауының нәтижесінде. Бірақ планетаның бір шарына күн түссе, екінші жартысында көлеңке түсуі заңдылық. Сол себептен,  қазіргі уақыттағы әрі болашақ жастарға қиянат жасамау үшін әрі тұрақтылықтан ауытқымау мақсатында діни сауатсыздықтан арылу қажет.

Себебі, жаратылыстану ілімдерін қаншалықты жоғары денгейде меңгерсек те,  уақыт өте келе адамның рухани қажеттілігі сыр беретінін ешкім жоққа шығара алмас.

Бұрынғы жас Қазақстан, бүгінде жасөспірім кезенің өткеруде. Ал, алдағы жаңғырудың оң нәтижесіне жетудегі кепілдік – ғасырлар бойы ата-бабамыз дәріптеген дәстүрлі діннің нені насихаттайтыны туралы ара-жігін анықтап алу қажет.

Иә, осы уақытқа дейін жетістік зайырлы білімнің арқасында болса, бүгінде зайырлылық діннің негізгі үндеуіне мұқтаж. Бұны біз әлем елдеріне дүрбімен қарасақ та жеткілікті түрде көре аламыз.

Дін демекші, ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа келе жатқан бейбітшілікті алға тартқан сенімі кенеттен неге өзгерді? Мүмкін, мәселені  діннен емес, адамнан іздеу керек шығар.

Бейбітшілікті насихаттайтын дәстүрлі ислам және ортодоксалды христианды жат қылып көрсетуден арылу қажет. Әсіресе, халқымыздың ғасырлар бойы қанына сіңген сүйіспеншілікке, ынтымаққа, бірлікке шақыратын исламды терроризм, экстремизммен байланыстыра қорқынышты етіп көрініс қалыптастыру қоғамда тірідей зомби өсіріп шығарумен тең. Себебі, әрбір қазақтың жүрегінде Жаратушысына деген сенім бар. Тарихтан белгілі, орта ғасырда дәстүрлі ислам дініміз дүркіреп тұрды. Қызықпайтын ұлт, этнос қалмады. Барлығы дерлік сол өркениеттен қажетін алып, өз дәстүріне бейімдеп гүлденді. Ал, қазіргі танда сол алтын өркениеттен қандай қызығарлық ерекшеліктер қалды? Неге адам шошырлық деңгейге жетті? Сұрақтар көп, ал жауап аз.

Кез келген адам түптің түбінде рухани азық іздейтіні табиғи фоктор. Сондықтан, түбінде діннен басқа бұлаққа барып азықтануы парадокс. Өкініштісі, діни сауатсыздықтан ақ пен қараның ара-жігін ажырата алмай, маска киінген жат дестуктивті жалған діни ағымның идеологиясын сусындап, басқыншылардың қатарын арттыруы мүмкін. Әрине, ағымның жетегінде кетсе, нәтижесі баршаға белгілі. Елімізге тигізер зардабы тек санақ жүзінде болмасы анық.

Жылдар бойы ислам дінінің айналасында көптеген дау-дамайлар орын алды. Дін нәзік тақырып болған соң, келіспеушіліктердің болуы табиғилық. Бірақ одан шығатын  ұтымды шешімді табу, ол – даналық. Әр адамның табиғаты, санасы әрқилы қорытатындықтан, әртүрлі шешімдердің көрініс табуы заңдылық. Бұл ретте, бұрынғы ғалымдардың ұстанған жолы бізге тамаша демонстрация. Туындаған мәселені жергілікті халықтың менталитетіне сай аргументтер келтіріп, өзге келтірілген дәлелді таразылап, түйіндеп, қонымды емес екенін сыпайы түсіндіріп берген. Бүгінгі танда біз осы үлгіні қолдансақ болады.

Көріп отырғанымыздай, әлем дінге мұқтаждығын  мойындауда. Бірақ кейбір адамдарға негізгі құндылықтар дұрыс түсіндірілмегендіктен, нәтижесінде дәстүрлі дінді жамылып жүрген деструктивті жалған діни ағымдар пайда болды. Әрине, олардың мақсаты мемлекетті ішінен шіріту және де адамның ойлау қабілетін шектеу болып табылады.

Бұл обадан құтылудың жолы қандай? Кез келген аурудың емі болуы себепті, бұның да дауасы бар. Ол – тұлғаның діни сауаттануы және сыни ойлау қабілетінің жоғарылығы әрі кейбір мемлекеттерде жұмысын жақсы атқарып жатқан «ұлттық код» моделі.

Жоғарыда айтылған діни сауаттылықты көтеру – дінді бұлжытпай орындау әрі дінге шақыру емес, ол – өз дініңді адаспай білуің. Бірақ, пенде болған соң, тәкаппарлық, риягершілік қасиеттері болады. Сондықтан, діни сауаттылық діни фанатизмге ұласпауы  тиіс. Ал, діни фанатизм – діни қақтығысқа айналмауы міндет.

Өткен ғасырларда айрықша ізін қалдырып өткен мәдениеттер, ұлыстар, ұлттар белгілі. Гректер, римдіктер, ғұндар, түркілер, еврейлер, арабтар, үндістер, османдар барлығы дерлік өз уақытында гүлденді, тарихта із қалдырды. Өйткені, сол уақыттың шынайы рухани қайнары таза болды. Оған тарих куәгер.

Бүгінде кейбір қоғамдағы адамгершілік, тәрбие басқа да қоғамдық аурулардың емін діннің ұсынған шешімдері арқылы табуға болады. Жоғарыда келтіргендей, рухани негізі дұрыс болғандар биік белестерге жетеді. Сол себептен, Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы уақытында шығарылған бағдарлама.

Біз – зайырлы мемлекетпіз әрі болашағымыз тек осы жолмен тұтасып жатыр. Болашақ мәселе адамның өмірінде маңызды орын алатын дін болмас үшін, дәстүрлі діни және адамгершілік құндылықтарды дәріптеп, адалдықты ұстанғанымыз жөн.

Халқымыз әртүрлі саяси, діни, террористік ағымдар жетегінде кетпеу үшін «халықтық ұлттық код» деген иммунитет қалыптастырған абзал. Өйткені иммунитеті сау адамды ешбір ауруға шалдықпасы анық.

Қыран құстың тәуелсіз әрі биік ұшуы қос қанатын кең жаюына тәуелді. Бір қанаты зайырлы білім, екіншісі діни сауаттылық деп есептелген бүркіттің қанаты қысқа болса, алыс белестерге жету ықтималдылығы аз әрі оларды бір-бірінен ажырату да мүмкін емес. Адамның екі қолының болуы, екі көзінің көруі – осының дәлелі.

Сондықтан, фанатиктердің саны артпауы және де өз қандастарымыздың өзге жат ағымның жетегінде кетпеуі үшін құстың қанатын бірдей дамыту шарт. Әсіресе, дәстүрлі құндылықтарды дәріптейтін төл дінімізді дамытуды қолға алғанымыз жөн.

Мейіржан ӘСКЕР,

«Қарағанды қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ дін істері және конфессиаралық қатынастар секторының меңгерушісі.

«Қарағанды қаласының  ішкі саясат бөлімі» ММ тапсырысы бойынша.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button