БалқашАймақБас тақырып
“Қарағанды–Балқаш” бағытына қосымша пойыз қатынайды
Жазғы демалыс маусымында жолаушылар ағынының артуына байланысты биылғы 1 маусымнан “Қарағанды – Балқаш” бағыты бойынша №220/219 қосымша жолаушылар пойызы іске қосылады.

Қосымша пойыз тақ күндері, күнара қатынап тұрады. Бұл шешім жаз мезгілінде демалушылар мен туристердің сұранысын қамтамасыз ету мақсатында қабылданған.
Пойыз құрамында барлығы 6 вагон қарастырылған. Оның ішінде 2 купе және 4 плацкарт вагоны бар. Қосымша рейстер жолаушылар үшін жол жүруді барынша қолайлы етіп, демалыс орындарына қатынауды жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Аталған бағыттағы пойыздар жаз айларында Балқаш көлі жағалауына демалуға баратын тұрғындар мен туристер арасында жоғары сұранысқа ие.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



